Степногорск қаласының әкімдігі

    Әкімшілік туралы

    1964 жылдың 6 сәуірінде Қазақ КСР Жоғары Кеңесінің Төралқасы Жарғысымен Целиноград өлкенің Жолымбет өнеркәсіптік ауданының Соцгородок елді мекені Степногорск атауы беріліп өлкелік бағыну қалалар категориясына жатқызылды. «Степногорск қаласы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі жергілікті атқарушы органның және қала әкімінің қызметін қамтамасыз ететін, Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады. Қала әкімі аппаратының негізгі міндеті ақпараттық – аналитикалық, ұйымдық – құқықтық және материалдық – техникалық қала әкімінің қызметін қамтамасыз ету болып табылады.

    Жаңалықтар

    Барлық жаңалықтар
    ОтырысАяқталды

    Степногорск қаласының әкімі Қасенов Гайдар Қабдоллаұлының 2026 жылдың бірінші жартыжылдығында «СТКХК» ЖШС-ның кеңсесінде тұрғындарымен кездесуі

    Құрметті Степногорск қаласының тұрғындары! 2026 жылғы 20 мамырда сағат 15.00 де «СТКХК» ЖШС-ның кеңсесінде (4 шағын. № 2 ғимарат) Степногорск қаласының әкімі Гайдар Қасеновтың халықпен кездесуі өтеді. Кездесуге мемлекеттік және құқық қорғау органдары, қала қызметтері басшылары қатысады.

    20 мамыр 2026 ж.Тікелей
    ОтырысАяқталды

    Степногорск қаласының әкімі Қасенов Гайдар Қабдоллаұлының 2026 жылдың бірінші жартыжылдығында "Степногорск Энергокомплекс" ЖШС-де тұрғындарымен кездесуі

    Құрметті Степногорск қаласының тұрғындары! 2026 жылғы 20 мамырда сағат 10.00 де "Степногорск энергокешені" ЖШС ғимаратында (коммунально-складская 2/1) Степногорск қаласының әкімі Гайдар Қасеновтың халықпен кездесуі өтеді. Кездесуге мемлекеттік және құқық қорғау органдары, қала қызметтері басшылары қатысады.

    20 мамыр 2026 ж.Тікелей
    В здании ТОО "Степногорск Энергокомплекс" (коммунально-складская 2/1)
    ОтырысАяқталды

    Степногорск қаласының әкімі Қасенов Гайдар Қабдоллаұлының 2026 жылдың бірінші жартыжылдығында тұрғындарымен кездесуі

    Құрметті Степногорск қаласының тұрғындары! 2026 жылғы 19 мамырда сағат 15.00 де А. Құнанбаев атындағы № 6 мектеп-гимназиясында Степногорск қаласының әкімі Гайдар Қасеновтың халықпен кездесуі өтеді. Кездесуге мемлекеттік және құқық қорғау органдары, қала қызметтері басшылары қатысады.

    19 мамыр 2026 ж.Тікелей
    В школе-гимназии № 6 им. А. Кунанбаева
    ОтырысАяқталды

    Степногорск қаласының әкімі Қасенов Гайдар Қабдоллаұлының 2026 жылдың бірінші жартыжылдығында "Жоғары колледж" МКҚК-да тұрғындарымен кездесуі

    Құрметті Степногорск қаласының тұрғындары! 2026 жылғы 19 мамырда сағат 10.00 де «Жоғары колледж» МКҚК-де (4 шағын аудан, 140) Степногорск қаласының әкімі Гайдар Қасеновтың халықпен кездесуі өтеді. Кездесуге мемлекеттік және құқық қорғау органдары, қала қызметтері басшылары қатысады.

    19 мамыр 2026 ж.Тікелей
    ГККП «Высший колледж» (4-й микр., 140)
    ОтырысАяқталды

    Степногорск қаласының әкімі Қасенов Гайдар Қабдоллаұлының 2026 жылдың бірінші жартыжылдығында Шантөбе кентінің тұрғындарымен кездесуі

    Құрметті Шантөбе кентінің тұрғындары! 2026 жылғы 18 мамырда сағат 11.00 де Шантөбе к. "Горняк" МҮ ғимаратында (1 шағынаудан, 23) Степногорск қаласының әкімі Гайдар Қасеновтың халықпен кездесуі өтеді.

    18 мамыр 2026 ж.Тікелей
    В здании ДК «Горняк» п.Шантобе (микрорайон 1, 23)
    ОтырысАяқталды

    Степногорск қаласының әкімі Қасенов Гайдар Қабдоллаұлының 2026 жылдың бірінші жартыжылдығында Қарабұлақ ауылының тұрғындарымен кездесуі

    Құрметті Қарабұлақ ауылының тұрғындары! 2026 жылғы 15 мамырда сағат 15.00 де Қарабұлақ а. МҮ ғимаратында (Сарыарқа к.) Степногорск қаласының әкімі Гайдар Қасеновтың халықпен кездесуі өтеді. Кездесуге мемлекеттік және құқық қорғау органдары, қала қызметтері басшылары қатысады.

    15 мамыр 2026 ж.Тікелей
    в здании ДК с.Карабулак (ул. Сарыарка)
    Ақпарат

    «Б» корпусының бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға жалпы конкурс туралы хабарландыру

    Степногорск қаласы әкімінің аппаратыКонкурс туралы ақпаратҚұжаттарды қабылдау мерзімі: 14.08.2026 - 17.08.2026Қабылдау 1 этап: 14.08.2026- 17.08.2026Қабылдау 2 этап: 18.08.2026Эссе: 19.08.2026Сұхбат: 24.08.2026Анықтама телефоны: 87164555654E-3 санат үшін орташа лауазымдық жалақы : 327923(Лауазымдық жалақы нақты қызметкердің жұмыс өтілінебайланысты хабарландыруда көрсетілгеннен өзгеше болуы мүмкін)Лауазым атауы:Степногорск қаласы әкімі аппаратының қаржы - шаруашылық бөлімніңбасшысы, E-3 (Лауазым мәртебесі: Бос)Функционалдық міндеттері:бөлім қызметін басқару, бухгалтерлік есепті жүргізу жұмысынұйымдастыру, материалдық құндылықтары сақталуына және ақшақаражаттарын жұмсауына бақылау жасау, қала әкімі аппаратын материалдықтехникалық қамтамасыз ету, жалақыны есептеу, қазынашылық департаменті,зейнеткерлік қорлары, банктер, салық департаментімен жұмыс істеу,мемлекеттік сатып алуларды, тауарлар, жұмыс пен қызметтерді жеткізіп әкелушарттарын құрастыру, есеп беретін тұлғалармен есеп айырысу бухгалтерлікесебін жүргізу, қарызгер мен несиегерлермен есеп айырысуды жүргізу,материалдық құндылықтарды есепке алу, әкім аппаратының мүлігін сақтау,қызметкерлерді ТМҚ қамтамасыз ету.Білімі бойынша талап:Жоғары білім, жоғары оқу орнынан кейінгі білім: маркетинг, экономика,қаржы, есеп және аудит, мемлекеттік және жергілікті басқаруЖұмыс тәжірибесі бойынша талаптар:жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;мынадай құзыреттердің бар болуы: күйзеліске төзімділік, бастамашылдық,жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны ақпараттандыруға бағдарлану,адалдық, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару, шешімқабылдау, көшбасшылық;жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:1) жұмыс өтілі екі жылдан кем емес;Шағым жасау тәртiбiҮміткерлер уәкiлеттi органға немесе оның аумақтық бөлiмшесiне, не соттәртiбiнде конкурс қорытындыларына және/немесе кадр қызметінің әрекетіне(әрекетсіздігіне) шағымдана алады.

    Жарияланды:
    Ақпарат

    «Б» корпусының бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға жалпы конкурс туралы хабарландыру

    Степногорск қаласы әкімінің аппаратыКонкурс туралы ақпаратҚұжаттарды қабылдау мерзімі: 13.08.2026 - 14.08.2026Қабылдау 1 этап: 13.08.2026- 14.08.2026Қабылдау 2 этап: 17.08.2026Эссе: 18.08.2026Сұхбат: 21.08.2026Анықтама телефоны: 87164555654E-R-1 санат үшін орташа лауазымдық жалақы : 441254(Лауазымдық жалақы нақты қызметкердің жұмыс өтілінебайланысты хабарландыруда көрсетілгеннен өзгеше болуы мүмкін)Лауазым атауы:Мемлекеттік активтер және сатып алулар бөлімінің басшысы , E-R-1(Лауазым мәртебесі: Бос)Функционалдық міндеттері:Бөлім жұмысына жалпы басшылық жасау. Тауарларды, жұмыстарды,көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыруды жәнеөткізуді жүзеге асырады, конкурстық немесе аукциондық құжаттаманыәзірлеуге қатысады, конкурстық немесе аукциондық құжаттамаға өзгерістержәне (немесе) толықтырулар енгізуге бастамашылық жасайды, Мемлекеттіксатып алуды өткізу туралы хабарландыруларды орналастырады, әлеуетті өнімберушілердің өтінімдерін біліктілік талаптарына және конкурстық құжаттаматалаптарына сәйкестігін қарайды, заңнамаға сәйкес мемлекеттік сатып алудыңжеңімпазын айқындайды. Мемлекеттік мүлік тізіліміне даму жоспарларын,қалалық коммуналдық мемлекеттік кәсіпорындардың, жарғылық капиталындамемлекеттің қатысуымен АҚ (ЖШС) Даму жоспарларының орындалуыбойынша есептерді енгізу бойынша мониторинг жүргізеді. Акцияларыныңбақылау пакеттері (қатысу үлестері) мемлекетке тиесілі қалалық коммуналдықмемлекеттік кәсіпорындардың, АҚ (ЖШС) Қаржы-шаруашылық қызметінталдау жекелеген негіздер бойынша коммуналдық меншікке айналдырылған(айналдырылуы тиіс) мүлікті есепке алу, сақтау, бағалау және одан әріпайдалану жөніндегі жұмысты ұйымдастырады; қалалық коммуналдық мүліктімүліктік жалдауға (жалға алуға), сенімгерлік басқаруға береді; сенімгерлікбасқарушының қалалық коммуналдық мүлікті сенімгерлік басқару шартыбойынша міндеттемелерін орындауын бақылауды жүзеге асырады; қалалықкоммуналдық мүлікті мемлекеттік заңды тұлғаларға өтеусіз пайдалануғабереді; қалалық коммуналдық мүліктің құрамына кіретін қалалықкоммуналдық мемлекеттік кәсіпорындардың қаржы-шаруашылық қызметі(дамуы) жоспарларының орындалуына талдау жүргізеді.; мемлекеттіккәсіпорындар басшыларының өткен жылғы Қаржы - шаруашылық қызметініңнәтижелері туралы жыл сайын тыңдалуын ұйымдастырады; Мемлекеттіккәсіпорындардың жоспарлау және орындау мәселелері жөніндегі қызметінүйлестіруді ұйымдастырады; жоғары тұрған мемлекеттік органның басшылығыайқындайтын өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады. Заңды және жекетұлғалардың өтініштерін есепке алу мен тіркеуді бақылау, ЭҚАБЖбағдарламаларында, "Е-қызмет" интеграцияланған ақпараттық жүйесіндеэлектрондық құжаттармен жұмыс жасау.Білімі бойынша талап:Жоғары білім, жоғары оқу орнынан кейінгі білім, орта білімнен кейінгібілім, кәсіби білім: менеджмент, құқықтану, экономика, қаржы, есеп жәнеаудитЖұмыс тәжірибесі бойынша талаптар:Е-R-1 санатының ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдерінің,аудандық атқарушы органдары бөлімдері басшыларының мемлекеттікәкімшілік лауазымдары санаттарына мынадай талаптар белгіленеді:жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім не орта білімнен кейінгінемесе техникалық және кәсіптік білім;жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:1) жұмыс өтілі үш жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органныңштат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-5,B-5, C-4, C-O-4, C-R-3, D-4, D-O-3, Е-3, D-R-3, E-R-3, E-G-3 санаттарынантөмен емес лауазымдарда бір жылдан кем емес;2) жұмыс өтілі үш жылдан кем емес, оның ішінде құқық қорғау немесеарнайы мемлекеттік органдарының басшылық лауазымдарында немесе әскериқызметтің басшылық лауазымдарында немесе судья лауазымында бір жылданкем емес;3) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкессалаларда жұмыс өтілі үш жылдан кем емес егер ұйымдардың басшылықлауазымдарында бір жылдан кем емес;4) республикалық және жергілікті бюджеттерден қаржыландырылатынмемлекеттік мекемелердегі жұмыс өтілі үш жылдан кем емес оның ішіндебасшылық лауазымдарында бір жылдан кем емес.»;Шағым жасау тәртiбiҮміткерлер уәкiлеттi органға немесе оның аумақтық бөлiмшесiне, не соттәртiбiнде конкурс қорытындыларына және/немесе кадр қызметінің әрекетіне(әрекетсіздігіне) шағымдана алады.

    Жарияланды:
    Ақпарат

    Степногорск қаласы бойынша берілген жер учаскелер ақпараты

    № р/н құқықтың актінің нөмірі мен күні Жер учаскесін беру негізі Нысаналы мақсаты Ауданы га Жер учаскесінің орналасқан жері Құқық түрі, жалдау мерзімі 1 23.07.2026 шығарылған № KZ02VVX00610298 ММ шешімі жеке қосалқы шаруашылығын жүргізу үшін 0,2500га Ақмола облысы, Степногорск қаласы, Бөгенбай ауылдық округі, Бөгенбай ауылы, Ақан сері көшесі уақытша өтеулі қысқа мерзімді жер пайдалану құқығы (3 жыл мерзімге) 2 KZ17VVX00612259 28.07.2026 ММ шешімі жеке қосалқы шаруашылығын жүргізу үшін 0,2397 Ақмола облысы, Степногорск қаласы, Қарабұлақ ауылы, Бейбітшілік көшесі, жер учаскесі ауданы 28 уақытша өтеулі қысқа мерзімді жер пайдалану құқығы (3 жыл мерзімге) 3 KZ19VVX00613969 30.07.2026 ММ шешімі жеке қосалқы шаруашылығын жүргізу үшін 0,1500 Ақмола облысы, Степногорск қаласы, Қарабұлақ ауылы, Бейбітшілік көшесі, жер учаскесі ауданы 28 уақытша өтеулі қысқа мерзімді жер пайдалану құқығы (3 жыл мерзімге) 4 KZ57VVX00611442 27.07.2026 год шешім жеке қосалқы шаруашылығын жүргізу үшін 0,0739 Ақмола облысы, Степногорск қаласы, Заводской кенті, Р.Қошқарбаев көшесі, 2 үй, 2 пәтер бөлінбейтін жер учаскесіне ортақ үлестік меншік құқығы 5 KZ61VVX00612049 28.07.2026 год шешім жеке қосалқы шаруашылығын жүргізу үшін 0,0620 Ақмола облысы, Степногорск қаласы, Заводской кенті,А. Құнанбайұлы көшесі, 6 үй, 1 пәтер жер учаскесіне ортақ үлестік меншік құқығы 6 KZ69VVX00613942 30.07.2026 год шешім жеке қосалқы шаруашылығын жүргізу үшін 0,0628 Ақмола облысы, Степногорск қаласы, Заводской кенті, М.Жұмабаев көшесі, 2 үй, 2 пәтер жер учаскесіне ортақ үлестік меншік құқығы 7

    Жарияланды:
    Ақпарат

    2026 жылғы 1 тамыздағы жағдай бойынша Степногорск қаласы бюджетінің атқарылуы туралы есеп

    доходы 1.08.2026 расходы 1.08.2026

    Жарияланды:
    Ақпарат

    БЖЗҚ ТУРАЛЫ ӨЗЕКТІ САУАЛДАР

    БЖЗҚ ТУРАЛЫ ӨЗЕКТІ САУАЛДАР Әлеуметтік кодекске енгізілген өзгерістер күшіне енгеннен кейін азаматтардың зейнетақы жинақтарыменне болмақ? Олардың сақталуына кепілдік беріле ме? Бұл кепілдік немен қамтамасыз етіледі? Әлеуметтік кодекстің 217-бабында 2027 жылғы 1 қаңтардан бастап «Мемлекет зейнетақы төлемдерін алушыларға Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорындағы міндетті зейнетақы жарналарының, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарының нақты енгізілген міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары мөлшерінде сақталуына кепілдік береді» деп көзделген. Мемлекеттің зейнетақы активтерінің сақталуына беретін кепілдігі Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры (БЖЗҚ) мен инвестициялық портфельді басқарушылардың (ИПБ) қызметін реттеу, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің (Ұлттық банк, ҚРҰБ) де, ИПБ-лардың да инвестициялық қызметіне қойылатын талаптарды белгілеу, зейнетақы активтерін орналастыру кезінде оларды әртараптандыру және тәуекелдерді төмендету жөніндегі талаптарды сақтау, сондай-ақ басқа да реттеуші нормалар арқылы қамтамасыз етіледі. Жалпы алғанда, жинақтаушы зейнетақы жүйесі және қазақстандықтарды зейнетақымен қамсыздандыру мәселесі мемлекеттік реттеу, бақылау мен жауапкершілік аясында қала береді. Зейнетақы активтерін кім басқарады? Зейнетақы активтерін инвестициялауды Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі (ҚР ҰБ), сондай-ақ 2021 жылдан бастап тиісті лицензиясы бар және уәкілетті органның талаптарына сәйкес келетін инвестициялық портфельді басқарушылар (ИПБ) жүзеге асырады. Зейнетақы жинақтарын осындай сенімгерлік басқарудың негізгі мақсаты – оларды түрлі қаржы құралдарына инвестициялау және инвестициялық кіріс алу. Зейнетақы активтерін басқаратын ҚР ҰБ мен ИПБ-лардың өздерінің инвестициялық стратегиялары бар және олар инвестициялық декларация шеңберінде инвестициялық портфельдің құрылымын дербес айқындайды. ИПБ-лардың қолданыстағы тізіліміне қазақстандықтар өздерінің зейнетақы жинақтарын басқаруға бере алатын 6 жеке компания кіреді: «Alatau City Invest» АҚ, «BCC Invest» АҚ, «Сентрас Секьюритиз» АҚ, «Halyk Finance» АҚ, «Halyk Global Markets» АҚ, «Tansar Capital» АҚ. ИПБ туралы ақпаратпен танысып, олардың инвестициялық декларацияларын www.enpf.kz сайтындағы «Қызметтер» – «Инвестициялық портфельді басқарушылар тізілімі» бөлімінен, сондай-ақ invest.enpf.kz ақпараттық интернет-платформасы арқылы зерделеуге болады. Заңнамалық өзгерістерде міндетті зейнетақы жарналары және міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары есебінен қалыптастырылған зейнетақы жинақтарының 100%-ына дейін инвестициялық портфельді басқарушының (ИПБ) басқаруына беру мүмкіндігі көзделген. Бұл механизм қалай жұмыс істейді? Әлеуметтік кодекстің 40-бабына сәйкес салымшыларға өздерінің зейнетақы жинақтарын ИПБ-ның басқаруына беру және/немесе оларды Ұлттық Банктің басқаруында қалдыру туралы шешімді дербес қабылдау құқығы берілген. 2026 жылғы қыркүйекте салымшылардың инвестициялық мүмкіндіктерін кеңейтуді көздейтін заңнамалық өзгерістер де күшіне енеді. Егер қазіргі уақытта салымшылар міндетті зейнетақы және міндетті кәсіптік зейнетақы жинақтарының 50%-ына дейін, ал ерікті зейнетақы жинақтарының 100%-ына дейін ИПБ-ның басқаруына бере алатын болса, күзден бастап олар ерікті зейнетақы жинақтары сияқты міндетті зейнетақы жарналары (МЗЖ) мен міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары (МКЗЖ) есебінен қалыптастырылған жинақтарын да толық көлемде ИПБ-ның басқаруына бере алады. Салымшы бір немесе бірнеше ИПБ-ны, сондай-ақ түрлі инвестициялық портфельдерді, яғни зейнетақы активтерін басқару үшін ИПБ ұсынатын инвестициялық стратегияларды өз бетінше таңдай алады. Бұл стратегиялар тәуекел деңгейі, күтілетін кірістілік және инвестициялау мерзімі бойынша ерекшеленеді. Ақшаны ИПБ-ның сенімгерлік басқаруына беру үшін салымшы белгіленген нысандағы өтінішті беруі қажет. Мұны электрондық цифрлық қолтаңбаны пайдалана отырып, enpf.kz сайтындағы жеке кабинеті, invest.enpf.kz интернет-платформасы арқылы немесе БЖЗҚ-ның кез келген бөлімшесіне барып жасауға болады. Зейнетақы жинақтарын ИПБ-ның басқаруына берудің тиімділігі қандай? Салымшылар зейнетақы активтерін басқару туралы толық ақпаратты қайдан таба алады? Басқарушы компаниялардың қызмет нәтижелерін қалай бақылауға болады? Зейнетақы жинақтарының 100%-ына дейін ИПБ-ның басқаруына беру салымшыларға кірістілік тарихы неғұрлым үздік немесе неғұрлым агрессивті инвестициялық стратегия ұсынатын ИПБ-ны таңдау арқылы капиталды ұзақ мерзімді перспективада көбейтуге мүмкіндік береді. БЖЗҚ – зейнетақы нарығындағы бірыңғай инфрақұрылымдық институт, оның 100% акциясы Үкіметке тиесілі. Салымшылардың өз жинақтарын ИПБ-ның басқаруына беру құқығын іске асыруына байланысты БЖЗҚ-ның институционалдық міндеті де арта түсті. БЖЗҚ – барлық салымшылар үшін бірыңғай есепке алу және ақпараттық орталық, сондай-ақ активтерді кім басқаратынына қарамастан (салымшының таңдауы бойынша ҚР ҰБ және/немесе ИПБ) олардың жеке зейнетақы шоттарының операторы. БЖЗҚ зейнетақы активтерін басқаруға байланысты қолжетімді қызметтер мен сервистерді ұсынады, сондай-ақ азаматтардың жинақтары туралы ақпаратты үзінді көшірмелерде тәулік бойы, яғни «24/7» режимінде толық көрсетеді. Бұдан бөлек, БЖЗҚ салымшылары үшін заманауи цифрлық ресурс ретінде ақпараттық интернет-платформа (invest.enpf.kz) іске қосылды. Ол барлық басқарушылардың (ҚР ҰБ мен ИПБ-лардың) активтерді басқару нәтижелерін өзара салыстыруға мүмкіндік береді. Invest.enpf.kz платформасы кірістілік туралы ақпаратқа қол жеткізуге мүмкіндік береді. Сондай-ақ белгіленген кезеңдер аралығындағы динамикада активтерді басқарушылар мен олардың инвестициялық портфельдері бойынша көрсеткіштерді салыстыруға болады. Осы платформа арқылы салымшылар: инвестициялық портфельдердің құрылымымен; әртүрлі кезеңдердегі кірістілік көрсеткіштерімен; инвестициялық құралдардың құрамымен; түрлі басқарушылардың салыстырмалы сипаттамаларымен; инвестициялық декларациялармен және басқару стратегияларымен таныса алады. Сонымен қатар инвестициялық қызмет туралы ақпарат enpf.kz сайтында және invest.enpf.kz интернет-платформасында тұрақты түрде жарияланып, жаңартылып отырады. Зейнетақы жинақтары сенімгерлік басқаруға берілген ИПБ-ның жауапкершілігі қалай қамтамасыз етіледі? Салымшы зейнетақы активтерін басқаратын ИПБ-ны және инвестициялық портфельді, яғни тәуекел деңгейі, күтілетін кірістілігі және инвестициялау мерзімі бойынша ерекшеленетін инвестициялық стратегияны өз бетінше таңдауға құқылы. Өз кезегінде, ИПБ-ға зейнетақы активтерін сенімгерлік басқару бойынша заңнамада белгіленген жауапкершілік жүктеледі. ИПБ алған номиналды кірістілік пен реттеушінің талаптарына сәйкес есептелген кірістіліктің ең төменгі мәні арасында теріс айырма болған жағдайда, ИПБ бұл теріс айырманы өзінің меншікті капиталы есебінен өтейді.

    Жарияланды:
    Ақпарат

    ҮЕҰ үшін сыйлықақы беру конкурсы туралы ақпарат

    ҮЕҰ үшін сыйлықақы беру конкурсы туралы ақпарат Үкіметтік емес сектордың қызметін қолдау мақсатында 2017 жылдан бастап Министрлік үкіметтік емес ұйымдарды сыйлықақы түрінде ынталандыру тетігін енгізді. ҮЕҰ үшін сыйлықақы – бұл республикалық, салалық және өңірлік деңгейлердегі әлеуметтік міндеттерді шешуге қосқан үлесі үшін үкіметтік емес ұйымдарға бюджет қаражаты есебінен берілетін ақшалай сыйақы. Жылдар аралығында 558 ҮЕҰ сыйлықақы иегерлері атанды (2017 жылы – 59 ҮЕҰ, 2018 жылы – 63 ҮЕҰ, 2019 жылы – 63 ҮЕҰ, 2020 жылы – 38 ҮЕҰ, 2021 жылы-64 ҮЕҰ, 2022 жылы – 54 ҮЕҰ, 2023 жылы – 79 ҮЕҰ, 2024 жылы – 66 ҮЕҰ, 2025 жылы – 72 ҮЕҰ). ҮЕҰ-ға арналған сыйлықақы келесі 16 маңызды сала бойынша әлеуметтік міндеттерді шешуге қосқан үлесі үшін ҮЕҰ-ға беріледі («Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс, стратегиялық әріптестікті іске асыруға арналған мемлекеттік тапсырыс, үкіметтік емес ұйымдарға арналған гранттар және сыйлықақылар туралы» Заңның 5-бабына сәйкес)https://adilet.zan.kz/kaz/docs/Z050000036_ ): 1) білім беру, ғылым, ақпарат, дене шынықтыру және спорт саласындағы мақсаттарға қол жеткізу; 2) азаматтардың денсаулығын сақтау, салауатты өмір салтын насихаттау; 3) қоршаған ортаны қорғау; 4) жастар саясаты мен балалар бастамаларын қолдау; 5) отбасылық-демографиялық және гендерлік мәселелерді шешуге жәрдемдесу; 6) халықтың әлеуметтік тұрғыдан осал топтарын қолдау; 7) жетім балаларға, толық емес және көп балалы отбасылардағы балаларға көмек көрсету; 8) халықты жұмыспен қамтуды қамтамасыз етуге жәрдемдесу; 9) азаматтар мен ұйымдардың құқықтарын, заңды мүдделерін қорғау; 10) мәдениет пен өнерді дамыту; 11) тарихи-мәдени мұраны қорғау; 12) қоғамдық келісімді және жалпыұлттық бірлікті нығайту; 13) өздерінің есебінде тұрған адамдарға әлеуметтік-құқықтық көмек көрсету кезінде пробация қызметіне жәрдемдесу; 14) мемлекеттік қызметтер көрсету сапасына қоғамдық мониторинг жүргізу; 15) азаматтық қоғамды дамытуға, оның ішінде үкіметтік емес ұйымдар қызметінің тиімділігін арттыруға жәрдемдесу; 16) волонтерлік бастамаларды дамыту және қолдау. Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігі2026 жылғы 1 шілдеден бастап 1 қыркүйекке дейін (қоса алғанда) ҮЕҰ-ға арналған сыйлықақы конкурсына өтінімдер қабылдауды жүргізеді (сыйлықақылар ҮЕҰ-ға арналған сыйлықтарды беру қағидалары негізінде беріледіhttps://adilet.zan.kz/kaz/docs/V1800017041 ). Конкурсқа қатысуға келесі ҮЕҰ-лар жіберіледі: -Қазақстан Республикасының аумағында тіркелген ҮЕҰ; - 2025 жылдың қорытындысы бойынша ҮЕҰ Дерекқорына мәліметтерді уақытылы ұсынған ҮЕҰ; - Соңғы үш жылда сыйлық иегерлері болып табылмайтын ҮЕҰ. Конкурсқа қатысуға жіберілмейтін ҮЕҰ-лар: - үкіметтік емес ұйымның филиалдары немесе өкілдіктері; - 2025 жылдың қортытындысы бойынша ҮЕҰ Дерекқорына мәліметтерді ұсынбаған немесе уақтылы ұсынбаған ҮЕҰ; - соңғы 3 (үш) жыл ішінде сыйлықақы алған ҮЕҰ. Конкурсқа қатысу үшін құжаттар тізбесі мыналарды қамтиды: 1) Қағидаларға1-қосымшағасәйкес нысан бойынша үкіметтік емес ұйымдарға арналған сыйлықақы беру конкурсына қатысуға өтініш; 2) осы Қағидаларға2-қосымшағасәйкес нысан бойынша сыйлықақыға үміткердің сауалнамасы; 3) осы Қағидаларға3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша сыйлықақыға үміткердің қызметі туралы сипаттама (растайтын материалдармен бірге); 4) соңғы 3 (үш) жыл ішінде ұсынылған сала бойынша іске асырылған жобаларды және бірлескен жұмыс барысында қол жеткізілген нәтижелерді растау мақсатында байланыс деректері көрсетілген, өтінім берген үкіметтік емес ұйымның қызметі туралы қоғамдастық (үкіметтік емес ұйымдар), мемлекеттік органдар өкілдерінің ұсынымдары (екіден кем емес); 5) марапаттау дипломдарының, грамоталарының, алғыс хаттардың көшірмелері (болған жағдайда); 6) үміткердің немесе үміткер туралы мақалалардың, жарияланымдардың көшірмелері (болған жағдайда); 7) құрылтай құжаттарының көшірмелерін; 8) әлуметтік желілердегі парақшаға сілтеме (болған жағдайда). Ескерту: төменде сыйлықақыға өтінім беруге арналған қосымшалардың нысандары қоса беріледі. Сыйлықақы алуға ҮЕҰ өтінімдері ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігіне 1 шілдеден 1 қыркүйекке дейін (Астана қаласы уақытымен сағат 18:30-ға дейін) [email protected] (PDF форматында) электрондық мекенжай арқылы жолданады немесе қағаз және электрондық тасығыштарда (CD-дискілерде немесе USB-флэш-жинақтаушыларда DOC, DOCX, PDF форматында) қолма-қол Астана қаласы, Мәңгілік Ел даңғылы 8, «Министрліктер үйі», 14-кіреберіс мекенжай бойынша жолдауға болады. Өтінімді Сізге ыңғайлы тілде тапсыруға болады (қазақ немесе орыс тілдерінде). ҮЕҰ-ның өтінімдері екі кезеңмен қаралады: - бірінші кезеңде сараптамалық қоғамдастық, ҮЕҰ өкілдерінен тұратын жұмыс тобы тиісті салалар бойынша сыйлықақы алуға ізденушілердің өтінімдерін зерделейді және бағалайды; - өтінімнің екінші кезеңінде Комиссия жұмыс тобының бағалауы негізінде шешім қабылдайды. Сұрақтар туындаған жағдайда келесі нөмірлер бойынша хабарласуға болады: 8 (7172) 74-07-41, 74-09-97, 74-02-17. Ескерту! Өтінімді [email protected] электрондық мекенжайға жолдағаннан кейін техникалық ақауларды болдырмау мақсатында жоғарыда көрсетілген нөмірлер бойынша міндетті түрде бізге хабарласуды сұраймыз. Толтыруға қажетті қосымшалар нысандары Үкіметтік емес ұйымдарға арналған сыйлықақылардыберу қағидаларына1-қосымша Нысан Кімге: Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі Кімнен: ____________________________ (өтініш берушінің толық атауын көрсету) Үкіметтік емес ұйымдарға арналған сыйлықақыларды беру конкурсына қатысуға өтініш Осы өтінішпен ____________________________________________________ (өтініш берушінің толық атауын көрсету) «______________________________________________________________» («Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс, стратегиялық әріптестікті іске асыруға арналған мемлекеттік тапсырыс, үкіметтік емес ұйымдарға арналған гранттар және сыйлықақылар туралы» 2005 жылғы 12 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабына сәйкес саланы көрсету) саласы бойынша үкіметтік емес ұйымдарға арналған сыйлықақыларды беру конкурсына қатысуға ниет білдіреді. Өтінімді толтыру күні: 20___ жылғы «___» __________. ________________________________________________________________ Лауазымы (қолы) Т.А.Ә. (болған жағдайда) Мөр орны (болған жағдайда) Үкіметтік емес ұйымдарға арналған сыйлықақыларды беру қағидаларына 2-қосымша Сыйлықақыға ұсынылған ізденушінің сауалнамасы Р/с № Атауы Ақпарат (сыйлықақыға ұсынылған ізденуші толтырады) 1. Заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы анықтамаға немесе заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәлікке сәйкес сыйлықақыға үсынылған ізденушінің атауы 2. Мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) күні 3. Бизнес сәйкестендіру нөмірі 4. Заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы анықтамаға немесе куәлікке сәйкес заңды мекенжайы 5. Нақты мекенжайы 6. Қызметінің нысанасы (Жарлыққа сәйкес) 7. Қызметінің мақсаттары (Жарлыққа сәйкес) 8. Бірінші басшының тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда), лауазымы, байланыс (оның ішінде мобильді) телефонының нөмірлері және электрондық поштасының мекенжайы Толтыру күні: 20___ жылғы «___» __________. _________________________________________________________________________ Лауазымы (қолы) Т.А.Ә. (болған жағдайда) Мөр орны (болған жағдайда) Үкіметтік емес ұйымдарға арналған сыйлықақыларды беру қағидаларына3-қосымша Нысан Сыйлықақыға үміткердің қызметі туралы сипаттама _________________________________________________ (үкіметтік емес ұйымның толық атауын көрсету) Республикалық, салалық және өңірлік деңгейлердегі әлеуметтік міндеттерді шешуге қосқан үлесін сипаттап беріңіз. ______________________________________________________________________________________________________________________________________ «____________________________________________________________» (ұсынып отырған саланың толық атауын көрсету) саласы бойынша жұмыс тәжірибесі. р/с № Әлеуметтік жобаның атауы (негізгі қызметтің қысқа сипаттамасы) Әлеуметтік жобаны іске асыру мерзімдері Әлеуметтік жобаның нәтижелері * Ағымдағы жобаларды қоса отырып, үкіметтік емес ұйымдар беретін ұсынып отырған саланың тақырыбына сәйкес соңғы 3 (үш) жылда іске асырылған әлеуметтік жобалар көрсетіледі (ұйымның мамандары жеке негізде өздігінен өткізген немесе басқа ұйымдар арқылы жүзеге асырған жобалар мен көрсетілетін қызметтер ұйымның өзінің тиісті тәжірибесі болып саналмайды). Жоғарыда көрсетілген әлеуметтік жобаларды іске асыру кезінде Сіздің ұйымыңыздың тарапынан қандай қызмет инновациялары қолданылды, сипаттап беріңіз. ________________________________________________________________________________________________________________________________________________ Толтыру күні: 20___ жылғы «___» __________. _______________________________________________________________ Лауазымы (қолы) Т.А.Ә. (болған жағдайда) Мөр орны (болған жағдайда)

    Жарияланды: