
Өмірбаян
Ләззат Жанатқызы Құсайынова 1975 жылы туған, Ақмола облысы, Степногорск қаласы, Бестөбе кентінің тумасы.
Білімі жоғары, 2007 жылы Көкшетау университетін «Қаржы» мамандығы бойынша бітірген.
Еңбек жолын 2003 жылы Ақмола облысы, Бұланды қаласында кассир-бухгалтер болып бастаған.
2006-2008 жылдары – «Кент әкімі аппаратының» бас маманы, Степногорск қаласы, Бестөбе кенті.
2008-2009 жылдары – «Қала әкімі аппаратының ұйымдастыру-бақылау бөлімінің» бас маманы, Степногорск қаласы.
2009-2016 жылдары – «Қала әкімі аппаратының жалпы бөлімінің» басшысы, Степногорск қаласы.
2016 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін – «Степногорск қаласының ішкі саясат бөлімі» ММ басшысы, Степногорск қ.

