
Уахитов Мейірхан Әмірханұлы
Руководитель отдела
Өмірбаян
Уахитов Мейірхан Әмірханұлы, 1982 жылы 28 маусымда Целиноград облысы Степногорск қаласында дүниеге келген;
2005 жылы Степногорск гуманитарлық-техникалық колледжін «Құқықтану» мамандығы бойынша бітірген;
2008 жылы Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Қостанай заң академиясын «Құқық қорғау қызметі» мамандығы бойынша бітірген.
Еңбек жолын 2002 жылы Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Қылмыстық-атқару жүйесінде бастады, онда 2018 жылға дейін бірқатар лауазымдарды атқарды.
2019 жылдан 2022 жылға дейін «Степногорск қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ ұйымдастыру-бақылау секторының меңгерушісі болып жұмыс істеді;
2022 жылдан 2023 жылға дейін Степногорск қаласы әкімі аппаратының азаматтық қорғаныс, төтенше жағдайлар және жұмылдыру дайындығы жөніндегі бас инспекторы болып жұмыс істеді;
2023 жылдың 15 тамыздан бастап Степногорск қаласы әкімінің өкімімен Степногорск қаласы әкімі аппаратының жұмылдыру дайындығы бөлімінің басшысы лауазымына тағайындалды.





