Тасымов Қуат Ерікұлы

    Бөлім басшысы

    Тасымов Қуат Ерікұлы
    Руководитель отдела

    Тасымов Қуат Ерікұлы

    Бөлім басшысы

    Өмірбаян

    Тасымов Қуат Ерікұлы 1992 жылы Ақмола облысы, Көкшетау қаласында дүниеге келген.

    2011 жылы Астана қаласындағы Еуразия гуманитарлық институтының колледжін ақпараттық жүйелер мамандығы бойынша бітірген.

    2014 жылы гуманитарлық-техникалық академияны ақпараттық жүйелер мамандығы бойынша сырттай тәмамдаған

    Еңбек жолын 2012 жылдың қыркүйегінен 2016 жылдың маусымына дейін «Астана қаласы бойынша жылжымайтын мүлік орталығы» МКҚК-ның маманы, одан кейін ақпараттық технологияларды енгізу бөлімінің басшысы болып бастады.

    2016 жылғы маусымнан 2016 жылғы желтоқсанға дейін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Астана қаласының Әділет департаменті» РММ-нің ақпараттық қауіпсіздік инспекторы.

    2016 жылғы желтоқсаннан 2017 жылғы мамырға дейін «Ұлттық ақпараттық технологиялар» мемлекеттік бюджеттік мекемесінің сервистік қамтамасыз ету бөлімінің талдаушысы.

    2017 жылғы маусымнан 2018 жылғы маусымға дейін – Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының «Инженерлік-техникалық орталық» РМК әкімшілік және техникалық қамтамасыз ету бөлімінің жүйелік әкімшісі.

    2018 жылдың қарашасынан 2021 жылдың қарашасына дейін «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕ АҚ Астана қаласы бойынша филиалының жылжымайтын мүлікке және заңды тұлғаларға құқықтарды тіркеу бөлімінде әртүрлі лауазымдарда жұмыс істеді.

    2021 жылғы қарашадан 2023 жылғы қыркүйекке дейін - «Есіл-Строй-Экспертиза» ЖШС Қостанай және Атырау қалаларындағы филиалдарының директоры.

    2024 жылғы қаңтардан 2025 жылғы ақпанға дейін Ақмола облысы «Қосшы қаласы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің инспекция және аумақтық жұмыс бөлімінің бас маманы.

    2025 жылдың мамыр айынан бастап қазіргі уақытқа дейін Ақмола облысы, Степногорск қаласы «Степногорск қаласы әкімінің аппараты» ММ инспекторлық және аумақтық жұмыс бөлімінің басшысы

    Осы мемлекеттік органның қызметкерлері