
Өмірбаян
Жұмабаев Қайрат Қайыркенұлы, 1984 жылы туған, Ақмола облысы Көкшетау қаласы, Красный Яр ауылының тумасы.
Білімі жоғары, 2007 жылы Еуразия ұлттық университетін"Сәулет" мамандығы бойынша бітірген.
Еңбек жолын 2007 жылы Ақмола облысының сәулет және қала құрылысы басқармасында жетекші маман болып бастаған.
2012 жылдың басынан 2012 жылдың соңына дейін Ақмола облысының сәулет және қала құрылысы басқармасында бас маман болып жұмыс істеді.
2012 жылдың соңынан 2014 жылдың соңына дейін Степногорск қаласының сәулет және қала құрылысы бөлімінің басшысы болып жұмыс істеді.
2014 жылдан 2017 жылға дейін-жеке компанияда сәулетші болып жұмыс істеді.
2017 жылдың басынан 2017 жылдың соңына дейін Степногорск қаласының сәулет және ТКШ бөлімдерінде әдіскер болып жұмыс істеді.
2017 жылдың соңынан 2018 жылдың соңына дейін Степногорск қаласының құрылыс бөлімінің бас маманы болып жұмыс істеді.
2018 жылдың соңынан 2019 жылдың ортасына дейін Степногорск қаласының құрылыс бөлімінің басшысы болып жұмыс істеді.
2019 жылдың ортасынан бастап 2021 жылдың соңына дейін Степногорск қаласының құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімінің басшысы болып жұмыс істеді.
2022 жылдың басынан 2024 жылдың басына дейін жеке құрылыс компаниясында ТҚҰ инженері болып жұмыс істеді.
2024 жылдың ортасынан бастап ағымдағы жылдың 3 қазанына дейін Степногорск қаласының құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімінде әдіскер болып жұмыс істеді.
2024 жылғы 3 қазаннан бастап Степногорск қаласының сәулет және қала құрылысы бөлімі басшысының м.а. тағайындалды.
2024 жылдың соңынан қазіргі уақытқа дейін "Степногорск қаласының сәулет және қала құрылысы бөлімі"ММ басшысы.

