Мұқанов Асет Днесламович

    Бөлім басшысы

    Мұқанов Асет Днесламович
    Руководитель отдела

    Мұқанов Асет Днесламович

    Бөлім басшысы

    Өмірбаян

    МұқановӘсет Днесламұлы 1981 жылы Ақмола облысы Жақсы ауданы Кийма кентінде дүниеге келген.

    2003 жылы Л. Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетін "Құқықтану" мамандығы бойынша бітірген. Университет жанындағы әскери кафедраны запастағы лейтенант, взвод командирі атағымен бітірген.

    2007 жылы Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясында басшы лауазымға тағайындалған мемлекеттік қызметшілерді қайта даярлау курстарынан өтті.

    2013 жылы Қазақ экономика, қаржы және халықаралық сауда университетін экономика және бизнес мамандығы бойынша сырттай бітірді.

    2021 жылы VII сайланған Шортанды аудандық мәслихатының депутаты, аграрлық мәселелер және индустриялық-инновациялық даму жөніндегі тұрақты комиссияның төрағасы болды.

    Еңбек жолын 2002 жылы Астана қаласындағы "Аctive СОО" ЖШС заң кеңесшісі болып бастаған.

    2004 - 2005 жылы - ҚР Әділет министрлігінің ҚР заңнама институтын материалдық-техникалық жабдықтау филиалының заңгері, Астана қ.

    2005-2005 - жылы "Астана қаласы "Алматы" ауданы әкімінің аппараты" ММ өндірістік техникалық бөлімінің бас маманның міндетін атқарушы, Астана қ.

    2005-2007 жылы - "Астана қаласы "Алматы" ауданы әкімінің аппараты" ММ өндірістік техникалық бөлімінің бас маманы, Астана қ.

    2007 жылдан 2007 жылдың қараша айына дейін - Алматы ауданы әкімінің аппараты ММ әкімнің бас инспекторы, Астана қ.

    2007 - 2008 жылы - Алматы ауданы әкімінің аппараты ММ өндірістік техникалық бөлімінің бастығы, Астана қ.

    2008 жылдан 2020 жылға дейін – коммерциялық құрылымдарда басшы болып жұмыс істеді.

    2020-2021 жылы - Шортанды ауданы әкімдігі жанындағы "Шортанды су" ШЖҚ МКК директоры, Шортанды кенті.

    2021 - 2022 жылы - «Қосшы қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» ММ басшысының м.а., Қосшы қ.

    2022 жылдан 2023 жылға дейін - "Қосшы қаласының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" ММ басшысы, Қосшы қ.

    2023 жылдан 2025 жылға дейін - Қосшы қаласы әкімінің орынбасары.

    2025 жылғы 19 ақпаннан бастап Степногорск қаласының кәсіпкерлік бөлімінің басшысы болып тағайындалды.

    Осы мемлекеттік органның қызметкерлері