ДЕПУТАТТАР МЕН МӘСЛИХАТ АППАРАТЫ ҚАЛА ӘКІМІНІҢ ХАЛЫҚПЕН КЕЗДЕСУІНЕ ҚАТЫСТЫ

    ДЕПУТАТТАР МЕН МӘСЛИХАТ АППАРАТЫ ҚАЛА ӘКІМІНІҢ ХАЛЫҚПЕН КЕЗДЕСУІНЕ ҚАТЫСТЫ

    Семей қаласының әкімі Әділет Нұрсағатұлы Қожанбаевтың қала тұрғындарымен кездесуіне Семей қаласы мәслихатының депутаттары мен аппараты қатысты.

    Кездесу барысында 2026 жылдың бірінші жартыжылдығында атқарылған жұмыстардың қорытындылары шығарылып, қала тұрғындарын толғандыратын өзекті мәселелер талқыланды. Сондай-ақ ағымдағы жылдың екінші жартыжылдығына арналған негізгі жоспарлар мен міндеттер айқындалды.

    Кездесуде өнеркәсіпті дамыту және инвестиция тарту, тұрғындарды тұрғын үймен қамтамасыз ету, жылу және сумен жабдықтау, аулаларды абаттандыру, сондай-ақ қалалық инфрақұрылымды одан әрі дамыту мәселелеріне ерекше назар аударылды.

    Семей қаласының дамуы — өкілді және атқарушы органдардың үйлесімді жұмысының нәтижесі. Мәслихат өз өкілеттіктері шеңберінде тиісті шешімдер қабылдап, қалалық бюджетті қарау және бекітуге қатысады, сондай-ақ қабылданған шешімдердің іске асырылуы мен бюджет қаражатының тиімді әрі мақсатты пайдаланылуына депутаттық бақылау жүргізеді. Ал әкімдік өз кезегінде қабылданған шешімдер мен бекітілген бағдарламалардың іске асырылуын қамтамасыз етеді.

    Депутаттар тұрғындармен тікелей байланысты нығайтып, олардың ұсыныстары мен өтініштерін зерделеу, сондай-ақ көтерілген мәселелерді шешуге бағытталған жұмыстарға қатысуды жалғастыруда.

    Тұрғындардың ұсыныстары мен талап-тілектерін ескере отырып, қаланы одан әрі дамытуға бағытталған бірлескен жұмыс жалғаса береді.

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Семей қаласы мәслихатының аппараты" жаңалықтары