"Таза Қазақстан" акциясы

    "Таза Қазақстан" акциясы

    Біздің аудан орталығында Саумалкөлдің қоғамдық кеңістіктерін абаттандыруға және қоршаған ортаға ұқыпты қарауға бағытталған «Таза Қазақстан» акциясы тұрақты түрде өткізіліп келеді.

    Сенбіліктер мен «таза бейсенбіліктерге» бұрынғысынша аудан әкімдігі мен аудандық мәслихаттың мемлекеттік қызметшілері, сондай-ақ «Айыртау-Коммун-Сервис» ЖШС қызметкерлері белсенді қатысуда. Сенбілікке әріптестерімен бірге аудан әкімі М.Ж. Мендыбаев және оның орынбасарлары да қатысты.

    Осы сенбі күні таңертең өз ауылының көркіне бейжай қарамайтын тұрғындар шағынаудан аумағын абаттандыруға шықты. Бұл жолы жұмыс орны 6-үйдің маңынан таңдалып, онда қоқыс жинау және өсімдіктерді бұтау жұмыстары жүргізілді.

    Бұрындары 6-үйдің жанынан өтіп, әрі қарай шағынаудан арқылы жалғасатын жаяу жүргіншілер жолының бойын жабайы алма ағаштары мен сәндік бұталардан тұратын аллеялар көріктендіріп тұратын. Қазір бұл өсімдіктер шамадан тыс өсіп, біртұтас қалың бұтаға айналған. Бүгінгі сенбілікке қатысушылар осы аумақты ретке келтіруге кірісті.

    Аудан орталығын абаттандыруға үлес қосқан барлық іс-шара қатысушыларына алғыс білдіргіміз келеді. Өкінішке қарай, үй тұрғындары ортақ іске қосылмады. Ал үйге іргелес 5 метр қашықтықтағы аумақ олардың жауапкершілік аймағы болып табылады.

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Айыртау ауданының әкімдігі" жаңалықтары