2026 жылғы 23 қарашада Айыртау ауданы әкімінің орынбасары А.С. Бакеев мемлекеттік қызметтер көрсетуге жауапты жергілікті атқарушы органдардың мамандарымен құқықтық жалпыға бірдей оқыту өткізді.
Іс-шара Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша департаменті жүргізген жоспардан тыс тексеру қорытындылары бойынша мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын арттыру және осы саладағы заңнама талаптарының бұзылуына жол бермеу мақсатында ұйымдастырылды.
Құқықтық оқыту барысында Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы заңнамасының негізгі талаптары, оларды көрсету тәртібі мен мерзімдері, қызмет алушылардың құқықтарын сақтау, сондай-ақ мемлекеттік қызметтер көрсету кезінде заң бұзушылықтарға жол бермеу мәселелері қаралды.
Жоспардан тыс тексеру барысында анықталған кемшіліктерге, оларды жою және алдағы уақытта осындай бұзушылықтарға жол бермеу жөніндегі шараларға ерекше назар аударылды.
Іс-шара қорытындысы бойынша мемлекеттік қызметтер көрсетуге жауапты мамандарға заңнама талаптарын мүлтіксіз сақтау, халыққа мемлекеттік қызметтерді уақтылы әрі сапалы көрсету бойынша тиісті түсіндірмелер мен ұсынымдар берілді.
Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз
Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.








