Жазатайым оқиғалардың себептері мен анықталған заңбұзушылықтарды жою бағытында атқарылған жұмыстар туралы «Айыртау-Коммун-Сервис» ЖШС басшысы Дулат Булатов пен Саумалкөл №1 орта мектебінің директоры Мырзабай Туралинов есеп берді.
Айыртау ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы Оксана Брюханова жұмыс берушілердің еңбек шарттарын уақтылы жасасу, мәліметтерді бірыңғай деректер жүйесіне енгізу және қызметкерлерді міндетті сақтандыру жөніндегі міндеттері туралы хабардар етті.
Өз кезегінде аудандық кәсіподақ комитетінің төрайымы Сәуле Туралинова ұжымдық шарттарға еңбекті қорғау талаптарын енгізу және техникалық инспекторлардың жұмысына тиісті жағдай жасау мәселелеріне тоқталды.
Отырыс қорытындысы бойынша ұйым басшыларына еңбек қауіпсіздігі талаптарының сақталуына бақылауды күшейту, нұсқамаларды уақтылы өткізу және жазатайым оқиғалардың қайталануына жол бермеу тапсырылды.
Сонымен қатар жұмыс берушілерге барлық қызметкерлермен еңбек шарттарын жасасып, оларды Еңбек шарттарын есепке алудың бірыңғай жүйесінде міндетті түрде тіркеу, қызметкерлерді міндетті сақтандыру, ұжымдық шарттарда еңбекті қорғау жөніндегі міндеттемелерді бекіту, сондай-ақ кәсіподақтармен бірлесіп техникалық инспекторлардың тиімді қызмет атқаруына қажетті жағдай жасау міндеттері жүктелді.
Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз
Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.









