
Ағымдағы жылдың 11 тамызында санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылықты қамтамасыз ету мәселелері бойынша Көліктегі санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті (бұдан әрі – Департамент) мен «Жолаушылар тасымалы» АҚ арасындағы өзара ынтымақтастық туралы келісімдерді орындау мақсатында Қарағанды бөлімшелік көліктегі санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының (бұдан әрі – Басқарма) мамандары «Жолаушылар тасымалы» АҚ – «Қала маңындағы тасымал» филиалының Қарағанды аймақтық филиалы Балқаш телімінің қызметкерлері арасында Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2021 жылғы 11 қаңтардағы № ҚР ДСМ-5 бұйрығымен бекітілген «Жолаушылар мен жүктерді тасымалдауға арналған көлік құралдарына қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидаларын түсіндіру бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Сонымен қатар қатысушыларға тырысқақ ауруы және оның алдын алу шаралары, сондай-ақ тұрмыстық сыбайлас жемқорлықтың мәні мен сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтары үшін көзделген жаза түрлері түсіндірілді. Іс-шара соңында қатысушылардың қызықтырған сұрақтарына жауаптар беріліп, бекіту материалы ретінде жұқпалы аурулардың алдын алу бойынша жадынамалар табыс етілді.








