Басқұдықта бірлескен профилактикалық мониторинг жүргізілді

    Басқұдықта бірлескен профилактикалық мониторинг жүргізілді

    Басқұдық ауылдық округінде учаскелік полиция қызметкерлері мен ауыл әкімдігі өкілдерінің қатысуымен тұрғындар және жергілікті кәсіпкерлер арасында профилактикалық мониторинг жүргізілді.

    Іс-шара барысында нысандардың айналасындағы санитарлық тазалық пен абаттандыру жағдайы, қоғамдық тәртіптің сақталуы, сондай-ақ қолданыстағы заңнама талаптарының орындалуы тексерілді.

    Мониторинг барысында кәсіпкерлерге өздеріне бекітілген аумақтарды таза ұстау, абаттандыру талаптарын сақтау және қоғамдық тәртіпке жауапкершілікпен қарау қажеттігі түсіндірілді.

    Сонымен қатар, тұрғындарға құқық бұзушылықтардың алдын алу, заң талаптарын сақтау және қауіпсіз қоғамдық ортаны қалыптастыру мәселелері бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

    Мұндай профилактикалық іс-шаралар тұрғындардың құқықтық сауаттылығын арттыруға, қоғамдық тәртіпті нығайтуға және ауыл аумағында қолайлы жағдай қалыптастыруға бағытталған.

    https://www.instagram.com/reel/DbuK8YpKkZF/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=NTc4MTIwNjQ2YQ==

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Маңғыстау облысының Полиция департаменті" жаңалықтары