Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің Өнеркәсіптік қауіпсіздік комитеті·Жаңалықтар мұрағаты

Астана қаласы ТЖД Өнеркәсіптік қауіпсіздік басқармасы салалық рұқсаттар мен біліктілік талаптарының сақталуына қатысты кешенді тексеру жұмыстарын ұйымдастырды.Бақылау шаралары барысында оқу бағдарламаларының мазмұны, оқытушылар құрамының кәсіби біліктілігі, материалдық-техникалық базаның жай-күйі, сондай-ақ тыңдаушыларды аттестаттау тәртібінің қолданыстағы заңнама талаптарына сәйкестігі жан-жақты зерделенді.
Аталған тексеру жұмыстары өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы талаптардың қатаң сақталуын қамтамасыз етуге және мамандарды даярлау сапасын арттыруға бағытталған.









