Полицейлер қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету бағытында күшейтілген режимде қызмет атқаруда

    Полицейлер қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету бағытында күшейтілген режимде қызмет атқаруда

    Маңғыстау облысы Полиция департаменті Қоғамдық қауіпсіздік басқармасының қызметкерлері жұма және сенбі күндері қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында күшейтілген режимде қызмет атқаруда.

    Профилактикалық іс-шаралар аясында отбасы-тұрмыстық қатынастар саласында құқық бұзушылық жасаған, сондай-ақ «қорғау нұсқамасы», «қолайсыз отбасы» және «ерекше талаптар белгіленген» профилактикалық есептерінде тұрған азаматтардың тұрғылықты мекенжайлары тексерілді. Олармен құқық бұзушылықтың алдын алу және заң талаптарын сақтау мәселелері бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

    Іс-шараның негізгі мақсаты – атыс қаруын, оқ-дәрілер мен жарылғыш заттарды заңсыз сақтау, алып жүру және пайдалану фактілерінің алдын алу, қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету және құқық бұзушылықтардың жолын кесу. Осыған байланысты Мұнайлы ауданының Басқұдық ауылындағы азаматтық қару иелерінің мекенжайлары тексеріліп, қаруды сақтау және пайдалану кезіндегі қауіпсіздік талаптары түсіндірілді. Сонымен қатар рұқсат құжаттарының заң талаптарына сәйкестігі тексерілді.

    Сондай-ақ жасөспірімдер мен олардың ата-аналарымен профилактикалық әңгімелер өткізіліп, құқық бұзушылықтың алдын алу, заң талаптарын сақтау және қауіпсіз мінез-құлық қағидаларын ұстану жөнінде түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

    Бұдан бөлек, сауда орындарының иелерімен профилактикалық кездесулер ұйымдастырылып, Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 200-бабы талаптарын қатаң сақтау қажеттігі ескертілді.

    Маңғыстау облысы Полиция департаменті тұрғындарды қоғамдық тәртіпті сақтауға, қолданыстағы заңнама талаптарын орындауға және қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге бірлесіп атсалысуға шақырады.

    Сіздің қауіпсіздігіңіз – біздің басты міндетіміз!

    https://www.instagram.com/reel/DbgOpTJsynp/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Маңғыстау облысының Полиция департаменті" жаңалықтары