
📢 Құрметті жұмыс іздеушілер!
«Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитетінің Шымкент қаласы бойынша департаменті» РММ келесі бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға конкурс жариялайды:
🔹 Департаменттің №2, №3 және №4 медициналық-әлеуметтік сараптама бөлімдерінің бас маманы;
🔹 №2 зейнетақы және әлеуметтік қамсыздандыру бөлімінің бас маманы.
Егер Сізде «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына орналасуға арналған сертификаттау (сынақ) нәтижесі болса, 2026 жылғы 29–30 шілде аралығында E-qyzmet ашық порталы арқылы өтініш бере аласыз.
🔗 Өтініштер: https://www.eqyzmet.gov.kz/
Білікті мамандарды біздің ұжымға қосылуға шақырамыз!









