Шымкентте қатты ыстық күтіледі және өрт қаупі сақталады

    ·
    Шымкентте қатты ыстық күтіледі және өрт қаупі сақталады

    💬«Қазгидромет» РМК мәліметіне сәйкес, 13–17 шілде аралығында Шымкент қаласында күн райы қатты ысып, күндіз ауа температурасы 40–43°С-қа дейін жетеді. Қала аумағында жоғары өрт қаупі сақталады.
    Құрғақ әрі ыстық ауа райында өрттің шығу қаупі едәуір артады. Қоқысты бейберекет тастау, темекі тұқылын сөндірмей лақтыру, сондай-ақ құрғақ шөпті өртеу қайғылы жағдайға алып келуі мүмкін.
    ❗️ Шымкент қаласының Төтенше жағдайлар департаменті азаматтарды қауіпсіздік талаптарын қатаң сақтауға шақырады:
    🔹отты абайсыз пайдаланбаңыз;
    🔹темекі тұқылын толық сөндірмей тастамаңыз;
    🔹қоқыс пен құрғақ шөпті өртемеңіз;
    🔹шыны бөтелкелер мен жанғыш қалдықтарды ашық жерде қалдырмаңыз;
    🔹өрт белгілерін байқасаңыз, дереу 101 немесе 112 нөміріне хабарласыңыз.
    🔵Қарапайым қауіпсіздік ережелерін сақтау – өрттің алдын алудың ең тиімді жолы.

    Ұқсас материалдар

    "" жаңалықтары