2026 жылғы 24–25 қараша аралығында қалалық деңгейде өткізілетін «Қыс-2026» қалалық командалық-штабтық оқу-жаттығуы аясында Шымкент қаласының аумағында қысқы кезеңде орын алуы мүмкін төтенше жағдайларда азаматтық қорғау қызметтерінің авариялық-құтқару және басқа да кезек күттірмейтін жұмыстарды жүргізу кезіндегі даярлықтарын пысықтау мақсатында оқу-жаттығу өткізіледі.
Оқу-жаттығу барысында қала аумағында азаматтық қорғау қызметтерінің арнайы автокөліктеріндегі дыбыстық және жарықтық дабыл беру құрылғылары (сиреналар мен арнайы сигналдар) қосылады. Сонымен қатар, күштер мен құралдардың дайындығы, азаматтық қорғау қызметтерінің өзара іс-қимылы және төтенше жағдайларды жою кезіндегі іс-қимыл алгоритмдері пысықталады.
Құрметті қала тұрғындары!
Сирена дыбыстарын естіген жағдайда сабыр сақтап, алаңдамауларыңызды сұраймыз. Дыбыстық және жарықтық дабылдардың қосылуы жоспарлы оқу-жаттығу сценарийіне сәйкес жүзеге асырылады және нақты төтенше жағдайдың орын алғанын білдірмейді.
Шымкент қаласының Төтенше жағдайлар департаменті тұрғындарды өткізілетін іс-шараларға түсіністікпен қарауға және ресми ақпарат көздеріндегі мәліметтерге назар аударуға шақырады.
Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз
Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.









