Шымкентте жылыту маусымы кезеңінде қауіпсіздік шаралары күшейтілді

    1 / 14

    «Өрт қауіпсіздігінің онкүндігі» республикалық профилактикалық акциясы аясында Шымкент қаласында тұрмыстық өрттердің, сондай-ақ табиғи және иіс газынан улану жағдайларының алдын алуға бағытталған ауқымды профилактикалықрейдөткізілді.

    Алдын алужұмыстарыТассай шағын ауданы мен Қайнарбұлақ тұрғын алабын қамтыды. Негізгі мақсат – жылыту маусымы кезеңінде тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету және өрт қауіпсіздігі талаптарын сақтау мәдениетін арттыру.

    Акцияға Төтенше жағдайлар департаментінің, прокуратураның, газ техникалық қызметінің, газ техникалық инспекциясының, аудан әкімдіктерінің қызметкерлері мен еріктілер қатысты. Мамандар тұрғын үйлерді аралап, жылыту құрылғыларын қауіпсіз пайдалану, мұржаларды уақтылы тазалау, газ жабдықтарының, пештердің және электр сымдарының жарамдылығын тексеру қажеттігін түсіндірді.

    Профилактикалық іс-шаралар барысында мамандар 420 тұрғын үй мен пәтерді аралап, 1086 тұрғынға нұсқаулық берді. Аралау қорытындысы бойынша өрт қауіпсіздігі талаптарының 23 бұзушылығы анықталды.

    Газ датчиктерін орнатуға ерекше назар аударылды. Халықтың қауіпсіздігін арттыру мақсатында қала әкімдігі 600 газ сигнализаторын сатып алған. Оның ішінде шамамен 90 газ датчигі профилактикалық аралау кезінде тұрғын үйлерге орнатылды.

    Сонымен қатар жылыту жүйелерін қауіпсіз пайдалану мақсатында 38 тұрғын үйдің мұржасы тазартылып, шамамен 20 пеш пен электр сымдарына жөндеу жұмыстары жүргізілді.

    Кездесулер барысында мамандар тұрғындарға тұрмыстық өрттердің негізгі себептері, пеш пен газ жабдықтарын пайдалану ережелері, сондай-ақ иіс газынан улану қаупі туралы жан-жақты түсіндірді. Қарапайым қауіпсіздік талаптарын елемеу адам өмірі мен денсаулығына қауіп төндіретін ауыр зардаптарға әкелуі мүмкін екені ерекше атап өтілді.

    Шымкент қаласының Төтенше жағдайлар департаменті тұрғындарды жылыту маусымында қауіпсіздік мәселелеріне жауапкершілікпен қарауға, пештер мен мұржалардың жарамдылығын тұрақты тексеруге, газ жабдықтары мен электр желілерін пайдалану талаптарын қатаң сақтауға шақырады.

    Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз

    Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.

    Ұқсас материалдар

    "Шымкент қаласының төтенше жағдайлар департаменті" жаңалықтары