Қаратау ауданы Төтенше жағдайлар басқармасының ұйымдастыруымен №131 жалпы орта білім беретін мектепте өрт сөндіру техникасы мен авариялық-құтқару құрал-жабдықтарының көрсетілімі өткізілді.
Іс-шара барысында оқушылар мен мектеп қызметкерлеріне арнайы техниканың мүмкіндіктері таныстырылып, құтқарушылардың төтенше жағдайларды жою кезінде пайдаланатын құрал-жабдықтары көрсетілді. Сонымен қатар, М. Ғабдуллин атындағы Азаматтық қорғау академиясына оқуға түсу тәртібі мен өрт қауіпсіздігі тақырыптарында танымдық бейнероликтер көрсетіліп, интерактивті сабақ өткізілді. Кездесу барысында оқушылар өздерін қызықтырған сұрақтарға жауап алып, өрт сөндіруші-құтқарушы мамандығының ерекшеліктерімен танысты.
Мұндай іс-шаралар жас ұрпақтың қауіпсіздік мәдениетін қалыптастыруға, төтенше жағдайлар кезіндегі сауатты әрекет ету дағдыларын дамытуға және құтқарушы мамандығына деген қызығушылығын арттыруға бағытталған.
Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз
Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.









