101, 102, 103 – бір кешенде, бір мақсатта: Бозарықтағы жедел қызметтердің жұмысы

    1 / 5

    Шымкент қаласының Бозарық шағын ауданында орналасқан жедел қызметтер кешені «Уақыт» телеарнасының түсірілім тобының назарында болды. Телеарна тілшілері №12 өрт сөндіру бөлімінің тыныс-тіршілігімен танысып, бір ғимаратта орналасқан үш жедел қызметтің – 101, 102 және 103 қызметтерінің жұмыс барысын көрсетті.

    Аталған кешенде өрт сөндіру бөлімі, учаскелік полиция пункті және жедел медициналық жәрдем базасы орналасқан. Үш қызметтің бір жерде шоғырлануы ведомствоаралық өзара іс-қимылды үйлестіруге, төтенше жағдайлар мен түрлі оқиғаларға жедел әрекет етуге мүмкіндік береді. Түсірілім барысында өрт сөндірушілердің күнделікті қызметі, жауынгерлік кезекшілігі, арнайы техникасы мен авариялық-құтқару құралдарының мүмкіндіктері де таныстырылды.

    Мұндай заманауи инфрақұрылым – қала тұрғындарының қауіпсіздігін қамтамасыз ету жолындағы маңызды қадам. Өйткені төтенше жағдайда әрбір секундтың маңызы зор.

    Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз

    Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.

    Ұқсас материалдар

    "Шымкент қаласының төтенше жағдайлар департаменті" жаңалықтары