1 / 6
2026 жылғы 24–25 қараша аралығында Шымкент қаласында қыс мезгілінде туындауы мүмкін төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жоюға бағытталған «Қыс–2026» қалалық командалық-штабтық оқу-жаттығуы өтуде.
Оқу-жаттығу аясында қалалық жедел штабтың жұмысы ұйымдастырылып, жауапты қызметтердің іс-қимылдарын үйлестіру, ақпарат алмасу және басқарушылық шешімдер қабылдау мәселелері пысықталуда.
Сонымен қатар азаматтық қорғау қызметтері мен арнайы техникалар жұмылдырылып, шартты төтенше жағдайларды жою бойынша практикалық іс-қимылдар жүргізілуде.
Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз
Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.









