Денсаулық – басты байлығымыз!
Павлодар облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің бас маманы Мадина Қуандық қалалық «Ирбис» телеарнасының «Интересно знать» бағдарламасының эфиріне қатысты.
Эфир барысында маусымдық өзекті тақырып – жіті респираторлық вирустық инфекциялар (ЖРВИ) мен тұмаудың алдын алу мәселелері кеңінен талқыланды.
Бағдарлама қонағы ЖРВИ мен тұмаудың таралу жолдары, негізгі белгілері, ықтимал асқынулары, сақтану шаралары және вакцинацияның маңыздылығы туралы маңызды ақпаратпен бөлісті.
Сонымен қатар, аурушаңдықтың алдын алу мақсатында жеке гигиена талаптарын сақтау, бөлмені жиі желдету, адам көп шоғырланатын орындарда сақтық шараларын ұстану және ауру белгілері байқалған жағдайда дәрігерге уақытылы қаралу қажеттігі атап өтілді.
Денсаулықты сақтау – әр адамның өз қолында! Өзіңізді және жақындарыңызды қорғаңыз!
Бағдарламаны 26 қараша күні, яғни бүгін кешкі сағат 20:40-та Ирбис телеарнасының эфирінен көре аласыздар.
Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз
Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.









