Облыстық «HALYK RADIOSY» радиосының эфиріне Павлодар облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Асқар Құлатаев қатысты.
Радиобағдарлама барысында «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы істі қарау кезіндегі дәлелдемелер және олардың іс жүргізудегі маңызы» тақырыбы талқыланды.
Эфир барысында әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарау кезінде дәлелдемелердің маңызы, олардың түрлері мен бағалану тәртібі, сондай-ақ заң талаптарын сақтау мәселелері жөнінде түсіндірме берілді.
Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз
Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.









