2026 жылғы 9–13 қараша аралығында «Дін саласындағы мәселелерді зерттеу және оңалту орталығы» КММ мамандары мен облыстық ақпараттық-түсіндіру тобының (АТТ) мүшелері бірлесіп, түрлі мақсатты топтар арасында ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
Іс-шаралардың негізгі мақсаты – тұрғындардың діни сауаттылығын арттыру, дәстүрлі құндылықтарды насихаттау, деструктивті діни ағымдардың алдын алу және қоғамда діни тұрақтылық пен конфессияаралық келісімді нығайту.
Кездесулер барысында қатысушыларға дін саласындағы өзекті мәселелер бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, тақырып аясында пікір алмасу ұйымдастырылды. Сонымен қатар, азаматтардың сұрақтарына жауап беріліп, қажетті ақпараттар ұсынылды.
Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз
Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.









