2026 жылғы 2–6 қараша аралығында Жетісу облысы Дін істері басқармасының мемлекеттік әлеуметтік тапсырысы аясында «Тәлімгер» жастар қоғамдық бірлестігі мен облыстық ақпараттық-түсіндіру тобы (АТТ) мүшелерінің ұйымдастыруымен әртүрлі мақсатты топтар арасында ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
Іс-шаралардың негізгі мақсаты – қатысушылардың діни сауаттылығын арттыру, деструктивті діни ағымдардың алдын алу, сондай-ақ зайырлылық қағидаттарын, ұлттық дәстүрлерді, отбасы құндылықтарын және құқықтық сауаттылықты насихаттау.
Кездесулер барысында қатысушыларға дін саласындағы өзекті мәселелер бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, жат діни идеологиялардың ықпалына түсу қаупі, олардың алдын алу жолдары және ақпаратты сыни тұрғыдан бағалаудың маңыздылығы түсіндірілді.
Мұндай кездесулер қоғамда діни сауаттылықты қалыптастыруға, ұлттық құндылықтарды дәріптеуге және діни тұрақтылықты нығайтуға бағытталған.
Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз
Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.









