2026 жылғы 12–13 қараша күндері Түркістан қаласында Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі Дін істері комитетінің ұйымдастыруымен оңалту саласында жұмыс істейтін мамандарға арналған семинар өтті.
Семинардың негізгі мақсаты – оңалту бағытында қызмет атқаратын мамандар арасында тәжірибе алмасу, тиімді жұмыс әдістерімен бөлісу, кәсіби біліктілікті арттыру және саладағы өзекті мәселелерді талқылау.
Іс-шара барысында деструктивті діни ағымдардың ықпалына түскен азаматтармен жүргізілетін оңалту жұмыстарының ерекшеліктері, практикалық тәжірибелер мен нәтижелі жұмыс тәсілдері қарастырылды.
Сонымен қатар, қатысушылар өңірлерде атқарылып жатқан жұмыстардың нәтижелерімен бөлісіп, өзара пікір алмасты. Семинар мамандардың кәсіби тәжірибесін жетілдіруге, өзара ынтымақтастықты нығайтуға және оңалту жұмыстарының тиімділігін арттыруға бағытталды.
Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз
Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.









