Жарқайың ауданындағы білім беру ұйымдарындағы қауіпсіздік жағдайы тексерілді

    Кәмелетке толмағандардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету прокуратура органдары қызметінің басым бағыттарының бірі болып табылады.

    «Заң мен тәртіп» қағидатын іске асыру аясында Жарқайың ауданының Н. Островский атындағы мектебіне мобильді топ тарапынан білім беру процесі кезінде оқушылардың қауіпсіздік жағдайын бағалау мақсатында бару ұйымдастырылды.

    Іс-шара барысында мектеп аумағының бейнебақылау жүйелерімен қамтылу деңгейі мен олардың жай-күйі, сондай-ақ өткізу режимінің ұйымдастырылуы, оның ішінде турникеттердің жұмыс істеуі және бөгде адамдардың мектеп аумағына кіруіне жол бермеу шаралары тексерілді.

    Мектеп әкімшілігінің өкілдеріне қауіпсіздікке арналған техникалық құралдардың үздіксіз әрі жарамды жұмыс істеуін тұрақты бақылау, өткізу режимінің талаптарын сақтау, сондай-ақ балалардың өмірі мен денсаулығына қауіп төндіретін жағдайларға уақтылы ден қою қажеттігі түсіндірілді.

    Осындай жұмыстар Жарқайың ауданының барлық білім беру ұйымдарында жүргізілуде және құқық бұзушылықтардың алдын алуға, бөгде адамдардың білім беру ұйымдарына кіруіне жол бермеуге, сондай-ақ кәмелетке толмағандардың білім алуы үшін қауіпсіз жағдайлар жасауға бағытталған.

    Әрбір баланың қауіпсіздігі – прокуратура органдарының, білім беру ұйымдарының және ата-аналардың тұрақты назарын әрі ортақ жауапкершілігін талап ететін басты басымдық.

    Ақмола облысының прокуратурасы



    Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз

    Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.

    Ұқсас материалдар

    "Ақмола облысының прокуратурасы" жаңалықтары