Шортанды ауданында прокуратура органдарының 35 жылдығы қарсаңында «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы өткізілді

    Қазақстан Республикасы прокуратура органдарының 35 жылдығы қарсаңында «Таза Қазақстан» жалпыұлттық экологиялық акциясы аясында Шортанды ауданының прокуратурасы ағаш отырғызу іс-шарасын ұйымдастырды.

    Іс-шараға аудан прокуратурасының қызметкерлері, сондай-ақ жергілікті атқарушы органдардың өкілдері қатысты.

    Акция барысында қоршаған ортаны жақсартуға, елді мекендерді көгалдандыруға және табиғатқа деген жанашырлық көзқарасты қалыптастыруға бағытталған ағаш отырғызу жұмыстары жүргізілді.

    Аталған іс-шара «Заң мен тәртіп» қағидаты аясында өткізіліп, экологиялық мәдениетті арттыруға және қоғамды қоршаған ортаны қорғау бағытындағы игі бастамаларға тартуға бағытталды.

    Шортанды ауданының прокуратурасы аудан тұрғындарын қоршаған ортаға жанашырлықпен қарауға және өңірдің экологиялық жағдайын жақсартуға өз үлестерін қосуға шақырады.

    Ақмола облысының прокуратурасы

    Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз

    Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.

    Ұқсас материалдар

    "Ақмола облысының прокуратурасы" жаңалықтары