1 / 2
2026 жылғы 9 қарашада Ақмола облысы прокурорының орынбасары Жүсіп Ерболат Еркінұлы Астрахан ауданы прокуратурасының ғимаратында азаматтарды жеке қабылдады.
Қабылдау барысында аудан тұрғындары құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау, заңнама талаптарының сақталуы, сондай-ақ өзге де өзекті мәселелер бойынша өтініш білдірді.
Әрбір өтініш бойынша азаматтарға тиісті түсініктемелер берілді. Өтініш берушілердің уәждері назарға алынып, жекелеген өтініштер бойынша заңда белгіленген тәртіппен қарау ұйымдастырылды.
Прокуратура заңдылықты қамтамасыз ету, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау бағытындағы жұмыстарды жалғастыруда.
Ақмола облысының прокуратурасы
Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз
Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.




