Зеренді ауданының прокуратурасымен мүлікті коммуналдық меншікке уақтылы рәсімдемеуге байланысты заңдылықтың бұзылу фактілері анықталды.
Анықталғандай, сот шешімдері негізінде коммуналдық меншікке өтуге тиіс мүлік уақтылы рәсімделмеген.
Атап айтқанда, 200 жер учаскесі мен 96 жылжымайтын мүлік объектісі ұзақ уақыт бойы мемлекет меншігіне тіркелмеген, сондай-ақ жер учаскелері уақтылы мемлекеттік жер қорына енгізілмеген.
Сонымен қатар, тәркіленген мүлікті тиісінше рәсімдемеу фактісі анықталды.
Мәселен, Ақмола облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының 2024 жылғы 8 қаңтардағы үкімімен жеке тұрғын үй және жер учаскесі мемлекет кірісіне өндірілген.
Алайда екі жылдан астам уақыт бойы аталған мүлік коммуналдық меншікке рәсімделмеген. Бұл ретте құқық иеленушілер ретінде бұрынғы тұлғалар, оның ішінде сотталған адамның әпкесі тіркеліп тұрған.
Аудан прокуратурасының араласуынан кейін ғана аталған заң бұзушылықтар жойылды.
Нәтижесінде мемлекетке 200 жер учаскесі мен 96 жылжымайтын мүлік объектісіне құқықтары қалпына келтірілді.
Кінәлі тұлғалар тәртіптік жауапкершілікке тартылды.
Ақмола облысының прокуратурасы
Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз
Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.





