Бурабай ауданында прокуратура органдарының 35 жылдығына орай «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы өткізілді

    Қазақстан Республикасы прокуратура органдарының 35 жылдығы қарсаңында «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында Бурабай ауданы прокуратурасының бастамасымен жергілікті атқарушы органның өкілдері және «Жас ұрпақ» қоғамының мүшелерінің қатысуымен экологиялық іс-шара өткізілді.

    Іс-шараның негізгі мақсаты – қоршаған ортаны қорғау, туған өлкенің тазалығын сақтау, аумақты абаттандыру және экологиялық мәдениетті қалыптастыру.

    Акция барысында қатысушылар бірлесе еңбек етіп, аумақты абаттандыру және көгалдандыру жұмыстарына белсенді атсалысып, табиғатқа деген жанашырлық пен қоршаған ортаға жауапкершіліктің үлгісін көрсетті.

    Мұндай игі бастамалар қоғамда экологиялық мәдениетті қалыптастыруға, жастардың табиғатқа деген сүйіспеншілігін арттыруға және өскелең ұрпақтың қоршаған ортаны аялау құндылықтарын бойына сіңіруге ықпал етеді.

    «Таза Қазақстан» – ортақ үйіміз, ортақ жауапкершілігіміз және жасыл болашаққа бастар жолымыз!

    Ақмола облысының прокуратурасы

    Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз

    Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.

    Ұқсас материалдар

    "Ақмола облысының прокуратурасы" жаңалықтары