Қазақстан Республикасы прокуратура органдарының 35 жылдығына орай Бұланды ауданында «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясында қоршаған ортаны қорғауға және елді мекендерді абаттандыруға бағытталған іс-шара ұйымдастырылды.
Аталған бастамаға аудан прокуратурасының қызметкерлері мен жергілікті атқарушы органдардың өкілдері қатысып, аумақты көгалдандыру және ағаш көшеттерін отырғызу жұмыстарына атсалысты.
Іс-шараның негізгі мақсаты – тұрғындардың экологиялық мәдениетін қалыптастыру, табиғатқа жанашырлықпен қарауды насихаттау және туған өлкенің тазалығын сақтауға қоғам назарын аудару.
Мұндай игі бастамалар қоршаған ортаға деген жауапкершілікті арттырып қана қоймай, қоғамдағы бірлік пен ортақ іске деген ынтымақтастықты нығайтады.
Таза табиғат – келешек ұрпаққа қалдырар ортақ мұрамыз!
Ақмола облысының прокуратурасы
Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз
Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.





