Сандықтау ауданында Қазақстан Республикасы прокуратура органдарының 35 жылдығы қарсаңында «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясында аудан прокуратурасының ұйымдастыруымен экологиялық іс-шара өткізілді.
Іс-шараға жергілікті атқарушы органның өкілдері мен ауданның жас спортшылары қатысып, туған өлкенің көркеюіне өз үлестерін қосты. Акция барысында аумақты көгалдандыру және абаттандыру жұмыстары жүргізіліп, ағаш көшеттері отырғызылды.
Іс-шараның негізгі мақсаты - қоршаған ортаны қорғау, экологиялық мәдениетті қалыптастыру, азаматтардың табиғатқа деген жауапкершілігін арттыру және өскелең ұрпақты туған жерге жанашырлықпен қарауға тәрбиелеу.
Осындай игі бастамалар қоғамның бірлігін нығайтып, қоршаған ортаны қорғау ісіне әрбір азаматтың үлес қосуына ықпал етеді.
Таза Қазақстан - ортақ міндетіміз! Таза өлке - жарқын болашақ кепілі!
Ақмола облысының прокуратурасы
Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз
Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.





