ҚАРАУЫЛКЕЛДІ АУЫЛЫНДА ТҰРҒЫНДАРМЕН КЕЗДЕСУ ӨТТІ

    1 / 10

    Бүгін аудандық мәдениет үйінде аудан әкімі Айбек Купенов Қарауылкелді ауылының тұрғындарымен кездесу өткізді.

    🔹 Кездесу барысында аудан басшысы жыл басынан бері атқарылған жұмыстардың нәтижелеріне тоқталып, ауданның әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштері, инфрақұрылымды дамыту бағытында жүзеге асырылып жатқан жобалар және алдағы кезеңге жоспарланған маңызды міндеттер жөнінде кеңінен баяндады.

    🔹 Сонымен қатар Қарауылкелді ауылдық округі әкімінің міндетін атқарушы Нұрқайыр Оңғаров ауылдық округ аумағында атқарылған жұмыстар мен алдағы жоспарлар туралы есеп берді.

    🔹 Ашық диалог форматында өткен кездесуде тұрғындар ауылдың тыныс-тіршілігіне, елді мекеннің дамуына және халықтың тұрмыс сапасын жақсартуға қатысты өзекті мәселелерді көтеріп, ұсыныс-пікірлерін ортаға салды. Аудан басшысы тұрғындардың сауалдарына жауап беріп, көтерілген мәселелер бойынша тиісті түсініктемелер берді.

    🔹 Кездесу қорытындысында тұрғындар тарапынан көтерілген мәселелер назарға алынып, оларды жан-жақты зерделеу, шешу жолдарын қарастыру және тиісті шаралар қабылдау жөнінде жауапты сала басшыларына нақты тапсырмалар жүктелді.

    🔹 Халықпен ашық диалог орнату, тұрғындардың ұсыныс-пікірлерін ескеру және өзекті мәселелердің оң шешімін табуына ықпал ету – ауданның тұрақты дамуын қамтамасыз етудегі маңызды бағыттардың бірі.

    Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз

    Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.

    Ұқсас материалдар

    "Байғанин ауданының әкімдігі" жаңалықтары