«Заң мен тәртіп – мемлекеттің тұрақтылығы мен қоғамның қауіпсіздігін қамтамасыз ететін берік негіз.».

    Әділетті қоғам құру ең алдымен әрбір азаматтың заң талаптарын құрметтеп, өз құқықтары мен міндеттерін жауапкершілікпен орындауынан басталады. Заң үстемдік құрған жерде тәртіп орнап, азаматтардың құқықтары қорғалып, елдің болашағына деген сенім нығаяды.
    Қоғамдағы тыныштық пен тұрақтылықты сақтау – тек құқық қорғау органдарының ғана емес, барша азаматтың ортақ міндеті. Құқық бұзушылықтың, алаяқтықтың, зорлық-зомбылықтың және өзге де заңсыз әрекеттердің алдын алу, жастар арасында құқықтық сауаттылықты қалыптастыру, өскелең ұрпақты адалдық пен жауапкершілікке тәрбиелеу – маңызды бағыттардың бірі.
    Әрбір адам заңды сақтауды өзінен бастап, қоғамдық тәртіпке бейжай қарамай, айналасына құрметпен қарауы қажет. Себебі заңға құрмет – елге құрмет, тәртіпке бағыну – қоғам алдындағы жауапкершілік.

    Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз

    Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.

    Ұқсас материалдар

    "Қарағанды облысы Шет ауданы Ақшоқы ауылдық округі әкімінің аппараты" жаңалықтары