Заң мен тәртіп – кез келген өркениетті мемлекеттің дамуы мен қоғамның тұрақтылығын айқындайтын басты құндылық. Заң үстемдік еткен жерде әділдік орнап, азаматтардың құқығы қорғалып, ел ішіндегі тыныштық пен қоғамдық қауіпсіздік нығаяды. Тәртіп – тек заң талаптарын орындау ғана емес, ол әрбір адамның өз ісіне жауапкершілікпен қарап, қоғам алдындағы міндетін сезінуінен басталады.
Әділетті қоғам қалыптастыру – баршамызға ортақ міндет. Ол үшін әр азамат заңды құрметтеп, өзгенің құқығына қол сұқпай, адалдық пен жауапкершілікті өмірлік ұстанымына айналдыруы қажет. Құқық бұзушылықтың алдын алу, жастардың құқықтық сауаттылығын арттыру, отбасындағы және қоғамдық ортадағы қауіпсіздікті сақтау – бейбіт әрі берекелі өмірдің маңызды кепілі.
Заңға құрмет – елге құрмет, тәртіпке бағыну – қоғам алдындағы жауапкершілік! Заң мен тәртіп қағидаттары берік орныққан елдің болашағы жарқын, іргесі берік, бірлігі мығым болады. Әрқайсымыз осы құндылықтарды күнделікті өмірде ұстану арқылы әділетті, қауіпсіз әрі жауапты қоғам құруға өз үлесімізді қосуымыз керек!
Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз
Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.








