2026 жылғы 09 қарашада Солтүстік Қазақстан облысының Білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаменті нің бас маманы К.Б. Нуртаева Ғ.Мүсірепов атындағы ауданның мектеп басшылары, мектепке дейінгі ұйымдарының басшылары , шағын орталық әдіскерлері үшін мектепке дейінгі ұйымдардың білім беру қызметін лицензиялаудыңмәселелері бойынша семинар өткізді.
Семинар барысында мектепке дейінгі ұйымдардың басшыларына лицензиялаудың нормативтік-құқықтық негіздері, рәсімнен өту тәртібі, негізгі біліктілік талаптары, сондай-ақ білім беру ұйымдарының материалдық-техникалық жарақтандырылуына және оқу-әдістемелік қамтамасыз етілуіне қойылатын талаптар түсіндірілді.
Мектепке дейінгі ұйымдардың басшыларына қажетті құжаттарды дайындау және ұйымдардың қызметін лицензиялық талаптарға сәйкестендіру бойынша түсіндірмелер мен ұсынымдар берілді.
Департаменттің мектепке дейінгі ұйымдарды лицензиялау мәселелері бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жалғасуда.
Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз
Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.









