Айыртау ауданында мектепке дейінгі ұйымдарды лицензиялау мәселелері бойынша онлайн-семинар өткізілді

    Айыртау ауданында мектепке дейінгі ұйымдарды лицензиялау мәселелері бойынша онлайн-семинар өткізілді

    2026 жылғы 30 қазанда Солтүстік Қазақстан облысының Білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаменті нің бас маманы Нуртаева К.Б. Айыртау ауданының мектеп басшыларымен, мектепке дейінгі ұйымдарының басшыларымен , шағын орталық әдіскерлерімен онлайн- форматтамектепке дейінгі ұйымдардың білім беру қызметін лицензиялаудыңмәселелері бойынша семинар өткізді.

    Семинар барысында мектепке дейінгі ұйымдардың басшыларына лицензиялаудың нормативтік-құқықтық негіздері, рәсімнен өту тәртібі, негізгі біліктілік талаптары, сондай-ақ білім беру ұйымдарының материалдық-техникалық жарақтандырылуына және оқу-әдістемелік қамтамасыз етілуіне қойылатын талаптар түсіндірілді.

    Мектепке дейінгі ұйымдардың басшыларына қажетті құжаттарды дайындау және ұйымдардың қызметін лицензиялық талаптарға сәйкестендіру бойынша практикалық түсіндірмелер мен ұсынымдар берілді.

    Департаменттің мектепке дейінгі ұйымдарды лицензиялау мәселелері бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жалғасуда.

    Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз

    Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.

    Ұқсас материалдар

    "Солтүстік Қазақстан облысының Білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаменті" жаңалықтары