Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауын талқылау

    2026 жылғы 2 қарашада СҚО Білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаментінде Мемлекет басшысының 2026 жылғы 28 қазандағы «Жаңа тарихи кезеңдегі Қазақстанның өзекті міндеттері»атты Қазақстан халқына Жолдауын талқылау өтті.

    Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев ұлттық бірліктің, қоғамдық жауапкершіліктің, экономикалық жаңғырудың, ғылым мен білімді дамытудың және қазіргі заманғы цифрлық технологияларды енгізудің маңыздылығын атап өтіп, ел дамуының алдағы басым бағыттарын айқындады. Ол ұлттың стратегиялық міндеті — «келе жатқан жас ұрпақтарға жоспарлар мен тұжырымдар емес, экономикасы қуатты және қарқынды, жоғары технологиялары дамыған, білім мен ғылымға негізделген, заңды мойындайтын, жасампаз әрі озық, геосаяси тұрғыдан күші мен ықпалы бар Қазақстанды қалдыруымыз керек»,-екенін атап өтті.

    2027 жылды Жалпыхалықтық ауқымды құрылыс жылы жариялауды жылы деп жариялау ұсынылды. «Халықтық құрылыс» бағдарламасы барлық облыс орталықтарын, аудандар мен ауылдық елді мекендерді қамтиды. Көлік, медицина, білім беру, спорт және ғылым нысандары жаңғыртуға жатады.

    Жолдауда инклюзивті білім беруге ерекше назар аударылды. Ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалар санының өсуіне байланысты (237 мыңнан астам) Үкімет пен әкімдерге инклюзивті білім беру инфрақұрылымын дамыту бойынша шаралар қабылдау тапсырылды. Негізгі назар патологияларды ерте анықтау мен оңалту орталықтарына және «Қазақстан халқына» қорының қолдауымен бейінді мамандардың тапшылығын жоюға бағытталған.

    Оқу-ағарту министрлігіне педагогтердің цифрлық жүйелерде есептерді толтыруына байланысты артық жүктемені жою тапсырылды. Мұғалімдердің ар-намысы мен қадір-қасиетін қорғауға ерекше көңіл бөлінді.

    Жолдауда жасанды интеллект пен цифрландыруды дамытуға, адами капиталдың сапасын арттыруға және өскелең ұрпақтың жан-жақты дамуына жағдай жасауға басымдық берілген.

    Сондай-ақ Мемлекет басшысы азаматтардың қоғамдық санасын жаңғыртудың, жаңа қоғамдық этиканы қалыптастырудың және өміріміздің ажырамас бөлігі ретінде «Адал азамат» тұжырымдамасын іске асырудың маңыздылығын баса айтты.

    Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз

    Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.

    Ұқсас материалдар

    "Солтүстік Қазақстан облысының Білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаменті" жаңалықтары