Жамбыл ауданында мектепке дейінгі ұйымдарды лицензиялау мәселелері бойынша онлайн-семинар өткізілді

    1 / 4

    Жамбыл ауданында мектепке дейінгі ұйымдарды лицензиялау мәселелері бойынша онлайн-семинар өткізілді

    Ағымдағы жылдың 30 қазанында Солтүстік Қазақстан облысының білім беру саласындағы сапаны қамтамасыз ету департаменті ZOOM платформасы арқылы онлайн-форматта Жамбыл ауданының мектепке дейінгі ұйымдарының басшыларымен және әдіскерлерімен мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының қызметін алдағы лицензиялау мәселелері бойынша семинар өткізді.

    Семинар жұмысына Солтүстік Қазақстан облысының білім саласындағы сапаны қамтамасыз ету департаментінің басшысы Гүлнәр Темірболатқызы Таласбаева және мемлекеттік бақылау және лицензиялау бөлімінің басшысы Марина Анатольевна Панарина қатысты.

    Кездесу барысында мектепке дейінгі ұйымдардың басшылары мен әдіскерлеріне лицензиялаудың нормативтік-құқықтық негіздері, рәсімнен өту тәртібі, негізгі біліктілік талаптары, сондай-ақ білім беру ұйымдарын материалдық-техникалық жарақтандыруға және оқу-әдістемелік қамтамасыз етуге қойылатын талаптар түсіндірілді.

    Мектепке дейінгі ұйымдарды алдағы лицензиялауға дайындау, белгіленген талаптарды сақтау және бар сәйкессіздіктерді уақтылы жою мәселелеріне ерекше назар аударылды.

    Семинарға қатысушыларға қажетті құжаттарды дайындау және ұйымдардың қызметін лицензиялық талаптарға сәйкестендіру бойынша практикалық түсіндірмелер мен ұсыныстар берілді.

    Мектепке дейінгі ұйымдарды лицензиялау мәселелері бойынша Департаменттің ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жалғасуда.

    Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз

    Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.

    Ұқсас материалдар

    "Солтүстік Қазақстан облысының Білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаменті" жаңалықтары