Мағжан Жұмабаев ауданында мектепке дейінгі ұйымдарды лицензиялау мәселелері бойынша семинар өтті

    1 / 2

    Мағжан Жұмабаев ауданында мектепке дейінгі ұйымдарды лицензиялау мәселелері бойынша семинар өтті

    2026 жылғы 5 қарашада Солтүстік Қазақстан облысының білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаментінің білім беру қызметін мемлекеттік бақылау және лицензиялау бөлімінің бас маманы Дана Маратқызы Қазиева Мағжан Жұмабаев ауданының білім беру ұйымдарының басшылары, мектепке дейінгі ұйымдардың жетекшілері және шағын орталықтардың әдіскерлері қатысқан семинар өткізді.

    Кездесу барысында мектепке дейінгі ұйымдардың қызметін алдағы уақытта лицензиялау мәселелері қарастырылды. Қатысушыларға лицензиялаудың нормативтік-құқықтық негіздері, лицензиялау рәсімінен өту тәртібі мен кезеңдері, біліктілік талаптары, сондай-ақ білім беру ұйымдарының материалдық-техникалық базасы мен оқу-әдістемелік қамтамасыз етілуіне қойылатын талаптар түсіндірілді.

    Қажетті құжаттарды дайындау және мектепке дейінгі ұйымдардың қызметін қолданыстағы лицензиялық талаптарға сәйкестендіру бойынша практикалық мәселелерге ерекше назар аударылды.

    Семинар барысында қатысушылар өздерін қызықтырған сұрақтарға жауап алып, алдағы лицензиялау рәсіміне дайындық бойынша тиісті түсініктемелер мен практикалық ұсынымдар алды.

    Департамент білім беру қызметін лицензиялау мәселелері бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жалғастыруда.

    Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз

    Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.

    Ұқсас материалдар

    "Солтүстік Қазақстан облысының Білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаменті" жаңалықтары