1 / 8
Сарыағаш ауданында аудан әкімінің кубогы үшін жастар арасында «Есірткіге қарсымыз» тақырыбында кіші футболдан жарыс ұйымдастырылды.
Спорттық сайысқа 14 команда қатысып, өзара бақ сынады. Тартысты әрі әділ өткен ойын нәтижесінде жүлделі орындар төмендегідей бөлінді:
І орын – ADAL GROUP (Сарыағаш қаласы);
ІІ орын – Қабланбек командасы;
ІІІ орын – Көктерек командасы.
Жеңімпаздар мен жүлдегерлерге бағалы сыйлықтар табысталды.
Жарыс соңында Жастар ресурстық орталығы КММ-нің басшысы Н. Отаров сөз сөйлеп, қатысушыларға ізгі тілегін жеткізді. Сондай-ақ жарыстың жоғары деңгейде ұйымдастырылып, тартысты әрі әділ өткенін атап өтті.
Аталған сайыс жастар арасында салауатты өмір салтын насихаттап, спортқа деген қызығушылықты арттыруға және есірткіге қарсы көзқарасты қалыптастыруға бағытталды.
Сарыағаш ауданы әкімнің баспасөз қызметі
Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз
Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.









