«Таза Қазақстан» республикалық бастамасы аясында Петропавл қаласы полиция басқармасы қоғамдық қауіпсіздік бөлімінің басшылығы қоғамдық белсенді Мәлік Шигабутдиновпен бірге Брусиловский және Амангелді көшелерінің қиылысындағы су мұнарасы маңында рейд жүргізді. Оған осы аумақта орнатылған темір гараждар себеп болды.
Рейд барысында полицейлер түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, абаттандыру қағидаларын сақтау қажеттігін еске салды. Сондай-ақ белсендімен гараждарды орналастыруға қатысты мәселелерді талқылады. Бұған дейін бұл нысандарға оларды көшіру қажеттігі туралы екі рет хабарлама ілінген. Алайда кейбір гараждар әлі күнге дейін орнында тұр.
Гараждарды орналастыру мен бұзу заңдылығына қатысты мәселелер жергілікті атқарушы органдардың құзыретіне жатады. Полиция өз өкілеттігі шегінде профилактикалық жұмыстарға қатысып, тұрғындармен өзара іс-қимыл жасайды, қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздікті қамтамасыз етеді.
Жыл басынан бері Солтүстік Қазақстан облысында абаттандыру қағидаларын бұзудың 13 мыңнан астам дерегі анықталды. Оның 5 мыңға жуығы Петропавл қаласында тіркелген. «Таза Қазақстан» бастамасы тазалық пен ортақ аумақтарға жауапкершілікпен қарауды көздейді. Қағидаларды сақтау және айналадағы адамдарды құрметтеу «Заң мен тәртіп» қағидатының бір бөлігі. Қаладағы тазалық пен тәртіп әр адамның жауапкершілігіне байланысты.
Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз
Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.









