Ақмола облысында «Болашақ прокурорлар кеңістігі» атты іс-шарасы өткізілді

    Ақмола облысының прокуратурасы Шоқан Уәлиханов атындағы Көкшетау университетінің Құқықтану факультеті студенттерімен «Болашақ прокурорлар кеңістігі» атты іс-шарасын өткізді.

    Аталған іс-шара Қазақстан Республикасы прокуратура органдарының құрылғанына 35 жыл толуына орай ұйымдастырылып отыр.

    Іс-шара барысында студенттерге прокуратура мамандығының ерекшеліктері, қызметке қабылдау тәртібі мен қойылатын талаптар таныстырылды.

    Кездесуге прокуратура органдарының ардагері қатысып, студенттермен әңгімелесті.

    Бұл бастама ұрпақтар сабақтастығын нығайтуға, жастардың прокурорлық қызметке деген қызығушылығын арттыруға, сондай-ақ «Заң мен тәртіп» идеологиясы аясында жастардың құқықтық сауаттылығын арттыруға бағытталған.

    Ақмола облысының прокуратурасы

    Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз

    Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.

    Ұқсас материалдар

    "Ақмола облысының прокуратурасы" жаңалықтары