БӘЙДІБЕК: БОРАЛДАЙ АУЫЛДЫҚ ОКРУГІНІҢ ӘКІМІ САЙЛАНДЫ

    1 / 5
    БӘЙДІБЕК: БОРАЛДАЙ АУЫЛДЫҚ ОКРУГІНІҢ ӘКІМІ САЙЛАНДЫ
    🔹 Аудан әкімі Ұласбек Сәдібеков Боралдай ауылдық округінің әкімі болып сайланған Тоқтамысов Асылхан Битасұлын округ активіне таныстырды. Бәйдібек аудандық аумақтық сайлау комиссиясының 2026 жылғы 9 қарашадағы №135 шешімімен Тоқтамысов Асылхан Битасұлы Боралдай ауылдық округінің әкімі болып тіркелді.
    🔹 Асылхан Битасұлы – жоғары білімді, еңбек жолын 2008 жылы Бәйдібек ауданы әкімі аппаратының құжаттандыруды қамтамасыз ету бөлімінде жетекші маман болып бастаған. Әр жылдары аудандық ішкі саясат бөлімінде бас маман, Боралдай ауылдық округі әкімінің орынбасары қызметтерін атқарған. 2018 жылдан бері Боралдай ауылдық округінің әкімі қызметін атқарып келеді.
    🔹 Кездесу барысында аудан әкімі округтің әлеуметтік-экономикалық дамуын одан әрі жетілдіру бойынша бірқатар нақты міндеттер жүктеді. Атап айтқанда, округтің әлеуеті мен географиялық орналасу мүмкіндіктерін тиімді пайдаланып, инвестиция тарту, жаңа жұмыс орындарын ашу және ауыл шаруашылығы саласындағы жалпы өнім көлемін екі есеге арттыру қажеттігін атап өтті.
    🔹 Сонымен қатар су үнемдеу технологиялары мен минералды тыңайтқыштарды енгізу, ауыл шаруашылығы техникаларын жаңарту, ет өнімдерін қайта өңдеу бағытында жаңа өндіріс орындарын ашу, кәсіпкерлік субъектілерінің санын көбейту және бюджет кірістерін арттыру міндеттерін тапсырды. Көлік салығы бойынша қалыптасқан берешекті өндіру жұмыстарын да жүйелі жүргізуді міндеттеді.
    🔹 Бұдан бөлек, «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында округке қарасты 11 елді мекенді секторларға бөліп, тазалық және абаттандыру жұмыстарын тұрақты ұйымдастыруды тапсырды. Бұл ретте ауылдық округтегі мекеме қызметкерлері өздеріне бекітілген аумақтардың тазалығын қамтамасыз етіп, тұрғындарға үлгі көрсетуі қажеттігін ескертті.
    🔹 Аудан басшысы жүктелген міндеттердің сапалы әрі уақытылы орындалуы, тұрғындармен тығыз байланыс орнату және округтің дамуына бағытталған жұмыстарды жүйелі жүргізу қажеттігін атап өтті.
    ✔️ Аудан әкімінің баспасөз қызметі

    Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз

    Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.

    Ұқсас материалдар

    "Бәйдібек ауданы әкімінің аппараты" жаңалықтары