БӘЙДІБЕК: «АЛТЫН КҮЗ – 2026» АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ ЕҢБЕККЕРЛЕРІНІҢ КҮНІ АТАЛЫП ӨТТІ

    1 / 16
    Ауданда ауыл шаруашылығы еңбеккерлерінің кәсіби мерекесіне орай «Алтын күз – береке мен ырыстың бастауы» атты мерекелік іс-шара ұйымдастырылды. Салтанатты жиынға аудан тұрғындары, ауыл шаруашылығы саласының еңбеккерлері, кәсіпкерлер мен сала ардагерлері қатысты.
    Мерекелік іс-шарада аудан әкімі Ұласбек Сәдібеков ауыл шаруашылығы саласында еселі еңбек етіп, ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуына елеулі үлес қосып жүрген азаматтарды кәсіби мерекелерімен құттықтады.
    Сонымен қатар бірқатар сала мамандарына адал еңбегі мен жоғары жетістіктері үшін марапаттар табысталды.
    Сондай-ақ ауыл шаруашылығы саласында үздік көрсеткіштерге қол жеткізген ауылдық округтер мен ауыл шаруашылығы тауар өндірушілері марапатталды. Атап айтқанда, инвестиция тарту, асыл тұқымды қой шаруашылығын дамыту, су үнемдеу технологияларын енгізу, астық және сүт өндіру бағыттарында жоғары нәтижеге қол жеткізген шаруашылықтар арнайы номинациялар бойынша марапаттарға ие болды. Бұдан бөлек, ауыл шаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесін ұйымдастыруда белсенділік танытқан ауылдық округтерге де құрмет көрсетілді.
    Іс-шара аясында ауыл шаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесі ұйымдастырылып, тұрғындарға жергілікті тауар өндірушілердің өнімдері ұсынылды. Мерекелік концерттік бағдарламада өнерпаздар ән мен жырдан шашу шашып, жиналған қауымға көтеріңкі көңіл күй сыйлады.
    «Алтын күз – 2026» мерекесі ауыл шаруашылығы еңбеккерлерінің қажырлы еңбегін дәріптеп, сала жетістіктерін айшықтаған, береке мен бірлікті насихаттаған тағылымды іс-шара болды.
    Аудан әкімінің баспасөз қызметі
    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Бәйдібек ауданы әкімінің аппараты" жаңалықтары