1 / 6
Аудан әкімі Ұласбек Сәдібеков Ақмешіт үңгіріне арнайы барып, нысанның туристік әлеуетімен танысты. Сапар барысында киелі орынның туристік тартымдылығын арттыру, инфрақұрылымын жақсарту және келушілерге қолайлы жағдай жасау мәселелері қаралды.
Ақмешіт үңгірі – Түркістан облысындағы табиғи ерекшелігімен және тарихи-рухани маңызымен танылған бірегей орындардың бірі. Кеңестөбе елді мекенінің маңында орналасқан бұл табиғи нысан өзінің ерекше құрылымымен, ауқымды көлемімен және халық арасында қалыптасқан тарихи аңыздарымен ерекшеленеді. Сонымен қатар, Ақмешіт үңгірі Қазақстанның киелі орындары қатарынан орын алған.
Аудан басшысы сапар барысында нысанның туристік әлеуетін тиімді пайдалану қажеттігін атап өтіп, тиісті сала мамандарына бірқатар нақты тапсырмалар берді.
Үңгір аумағының инфрақұрылымын жетілдіру, абаттандыру, тазалық пен қауіпсіздікті қамтамасыз ету, келушілерге қолайлы жағдай жасау және нысанның туристік әлеуетін арттыру бағытында нақты тапсырмалар берілді.
Ұласбек Сәдібеков Ақмешіт үңгірінің табиғи келбеті мен тарихи-рухани құндылығын сақтай отырып, оны туристер үшін тартымды әрі қолайлы орынға айналдыру маңызды екенін атап өтті. Сондай-ақ берілген тапсырмалардың сапалы әрі жүйелі орындалуын, ұсынылған бастамалардың жан-жақты зерделенуін тапсырды.
Ақмешіт үңгірін туристік бағыт ретінде дамыту – ауданның туристік әлеуетін арттыруға, өңірге келетін қонақтар санын көбейтуге және жергілікті туризм саласының дамуына серпін беретін маңызды қадам.
Аудан әкімінің баспасөз қызмет
Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз
Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.









