Үшжақты комиссияның отырысы

    1 / 4

    2026 жылғы 4 қарашада Кәсіподақ орталығының алаңында әкімнің бірінші орынбасары М.И. Тасмағанбетовтің төрағалығымен әлеуметтік әріптестік және әлеуметтік-еңбек қатынастарын реттеу жөніндегі облыстық үшжақты комиссияның отырысы өтті.

    Отырысқа СҚО салалық кәсіподақтарының төрағалары,облыстықбасқармалардыңбасшылары, аудандар мен Петропавл қаласы әкімдерінің орынбасарлары қатысты.

    Күн тәртібіне жазатайым оқиғалар орын алған кәсіпорындардағы еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау талаптарының сақталу шаралары туралы мәселе енгізілді. «Адельқұс» ЖШС және «Alem Astyk Export» ЖШС басшыларының ақпараты тыңдалды. Сондай-ақ,Айыртау, Қызылжар аудандары мен Петропавл қаласының әлеуметтік әріптестік және әлеуметтік-еңбек қатынастарын реттеу жөніндегі үшжақты комиссияларының қызметі қаралды.

    Отырыс қорытындысы бойынша жұмыс орындарындағы қауіпсіздік деңгейін арттыруға, өндірістік жарақаттанудың алдын алуға және қызметкерлерге лайықты әрі қауіпсіз еңбек жағдайларын қамтамасыз етуге бағытталған бірқатар ұсынымдар әзірленді.

    Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз

    Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.

    Ұқсас материалдар

    "Солтүстік Қазақстан облысының әкiмдiгiнiң жұмыспен қамтуды үйлестiру және әлеуметтiк бағдарламалар басқармасы" жаңалықтары