Солтүстік Қазақстан облысының әкiмдiгiнiң жұмыспен қамтуды үйлестiру және әлеуметтiк бағдарламалар басқармасы·Жаңалықтар мұрағаты
1 / 3
Республика күні — мемлекеттілігіміздің, егемендігіміз бен ел бірлігінің қастерлі айғағы, тарихи дәстүрлер сабақтастығы мен еліміздің бұдан былайғы өркендеуіне деген ұмтылысты білдіреді. Бұл мереке Отанымыздың игілігі жолындағы жасампаз еңбектің, азаматтық жауапкершіліктің және бірлескен күш-жігердің маңыздылығын еске салады.
Осынау ұлттық мереке қарсаңында Солтүстік Қазақстан облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасында салтанатты іс-шара өтті.
Шара барысында басқарма басшысы өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуына зор үлес қосқан, өз ісінің нағыз маманы атанған және қоғамдық өмірге белсене араласқан қызметкерлерге салтанатты түрде облыс әкімінің атынан Құрмет грамоталары мен Алғыс хаттар табыс етті.









