Бүгін Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігінде Республика күніне арналған салтанатты жиын өтті.
Министрдің міндетін атқарушы Әсет Нүсіпов ұжымды ұлттық мерекемен құттықтады. Ол өз сөзінде Республика күнінің Қазақстан тарихындағы ерекше маңызын атап өтіп, 1990 жылғы 25 қазанда Мемлекеттік егемендік туралы декларацияның қабылдануы еліміздің тәуелсіздікке қол жеткізу жолындағы маңызды қадам болғанын айтты.
Салтанатты жиын барысында адал еңбегі, кәсіби жетістіктері және саланың дамуына қосқан үлесі үшін министрлік қызметкерлерін марапаттау рәсімі өтті.
Бірқатар маман «Ерен еңбегі үшін» және «Мемлекеттік қызмет ардагері» медальдарымен, «Метрология саласының үздігі» және «Стандарттау саласының үздігі» төсбелгілерімен марапатталды. Сонымен қатар қызметкерлерге Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрінің Құрмет грамоталары мен Алғыс хаттары табысталды.









